Қарастырылатын мәселелер: Европа, Азия, Америка елдеріндегі білім беру жүйесі.
Оқушылардың үлгерімін сандық белгімен көрсетудің әр түрлі жүйелері.
Пайдаланатын әдебиеттер: . Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.
Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.
Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
И.П. Подласый. Педагогика.Москва –2000ж.
ҚР Білім беру туралы заңы. Астана-2000ж.
Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогикалық университеті. Педагогика
пәні бойынша лекциялар жинағы. Алматы-1991ж.
7. Белорусова, Н.И.Решитень Педагогика. Дене тәрбиесі институттарына арналған оқулық Москва 1978
Европа, Азия, Америка елдеріндегі білім беру жүйесі.
Жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Әрбір елде халыққа білім беру ісі өндіргіш күштердің даму деңгейіне өндірістік қатынастардың қалыптасуына байланысты.
Ғылымның әр саласынан шет мемлекеттерде жаңалықтар ашылды.
Европада кітап басу пайда болды. Америка және Индияға теңіз жолы ашылды. Англияның социал утописі Томас Мор педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды. Томас Мор Англиядағы мектептерде жаратылыстану – математика сабақтарының кең түрде оқытылуын талап етті.
Джон Дьюидың 90 – шы жылдардағы сол кездегі дәстүрлі әдістерді сынауды және бастауыш мектептегі оқу – жұмысын ұйымдастыру туралы ойлары сол кезең үшін пайдалы болды.
2.Оқушылардың үлгерімін сандық белгімен көрсетудің әр түрлі жүйелері. Венгрия, Югославия және Чехословакия елдерінде “Бес” баллды жүйе қолданылады. Венгрия мен Югославияда “Бес” жоғары, “Бір” төмен баға, ал Чехославакияда “Бір” жоғары, “Бес” төмен баға болып қойылады.
Румыния, Голландия, Ауғанстан мектептерінде оқушыларға 1 – ден 10 – ға дейін қойылады. 10 - өте жақсы, 1 - өте жаман, ал сыныптан сыныпқа көшіру 5, 6 сандық белгілермен бағаланады.
Францияның бастауыш мектептерінде оқушыларға 10 баллдық жүйе бойынша, ал лицейде 20 баллдық шкала арқылы баға қойылады.
АҚШ – да оқушыларға баға қоюда әріп жүйесі қолданылады: А, В, С жақсы, Д,Е жаман баға. Көптеген оқу орындарында бір жастағы әртүрлі дарынды оқушылар топтарға бөлінеді: А – дарынды, В – қарапайым, С – қабілетсіз.
Жапонияда оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың басқа формалары қолданылады, оны мадақтау деп атайды. Мұғалім оқушының жауабын тыңдап болған соң оған: “бүгін сенің жауабың өткенге қарағанда әлде - қайда жақсы және тыңғылықты, мақтауға тұрарлық. Жарайсың !” дейді. Бірақ, оқушыларға баға қойылмайды. Өйткені, материалды игеруді есепке алу үшін логикалық есептер жүйесін және әртүрлі тесттер қолданылады, оларды мұғалім жасайды. Тесттер бойынша оқушылардың жауабын 10 – нан 100 ұпайға дейін бағалайды. Оқу жылының аяғында оқушыларға мінездеме жазылады, онда әрбір оқушының ұпай саны алынады.
Куба мектептерінде емтихан және баға қою жойылған. Толық мінездеме беру жүйесі енгізілген, оған оқушылардың оқу бағдарламасын игеру және мінез – құлқы жөнінде барлық мәліметтер енгізіледі.