8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау



бет96/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû

3.Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау.
Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты.
Мұғалімнгің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітіруімен аяқталмайды, ол мұғлімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, лның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогиклық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес оллар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультавтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілік көтеру немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыда қорытылып, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстарндың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек бола алады.
Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғлімдердлің ғылыми - әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады. Ал, әдістемелік жұмысты жеке ерекшеліктерді ескеріп жүргізу, бірқатар субъективті, объективті алғы шартарға байланысты. Ең бастысы мұғалімнің ғылыми - әдістемелік дайындығын жетілдірудегі өмірлік және кәсіптік бағдары, кәсіптік даңгейі мен тәжірибесі ескерілуі тиіс. Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстүрлерін сақтау және дамыту да маңызы зор. Осы жұмыстардың бәрі де мектеп директорының оқу – тәрбие ісі бойынша орынбасарының құзырында болады.
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздің директры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық та нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады: мектептік педұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптстыру; мұғалімдердің теориялық және психологиялық – педагогикалық дайындық деңгейін көтеру; жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білік стандартарын оқып, үйренуді ұйымдастыру; ғылыми - әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерпді ескеріп ұйымдастыру – жат мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге; педагогикалық жұмысты белгілі бір қөиындыққа кезіккен мұғалімдерге; педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және т.б.; мұғалімдердің өздігінен педагогикалық білім көтеруіне кеңес беру; жалпы кәсіптік – педагогикалық мәдениет деңгейін көрсету.
Мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын кәсіптік - пдагогиклық мәдениетінің құрамды бөліктерін ескере отырып айқынедаған дұрыс деп білеміз. Олар – мұғлімнің жалпы мәдени дайындығы; әдістемелік, тәрбиешілік, зерттеушілік, кәсіптік – адамгершілік, басқара білу мәдениеті. Әдітемелік жұмыстың мазмұны кәсіптік – педагогиклық мәдениеттің әр бір бағыты бойынша нақтыланып, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеудің нысанасына айналуы мүмкін.
Мұғалімнің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нәтижеде оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс стилінің қалыптасуына ұласады.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мектептің типі оның орналасқан жері және т.б. жағдайларға байланысты түбіріне ерекшеленуі мүмкін. Бұндай жағдайда 50 – ден 100 – ге дейін оқушысы, 10 – 12 мұғалімі бар шағын комплектілі орта мектептерден едәуір қиындық кездеседі. Ауыл мектептерінің тәжірибесі осындай бірнеше мектепті ірі ауыл мектебінің базасында құрылған әдістемелік бірлестікке топтастырудың тиімділігін көрсетіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет