8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Педагогикалық инновацияның критерийлері



бет95/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû

Педагогикалық инновацияның критерийлері
Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлері жиынтығын анықтауға болады: жаңашылдық, оптималдық, жоғары нәтижелік, бұқаралық тәжірибеде шығармашылық пен қолдану мүмкіндігі.
Инновацияны негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық процесске араласқысы келетін мұғалім қолға алған жаңалығының мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. Біркулер үшін жаңалық болып табылатын құбылыс екіншілер үшін олай болмуы мүмкін. Осыған байланысты мұғалімдерді инноывациялық процеске тарқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшелігін, дербестік – психологиялық мінездемелері ескерілуі тиіс. Жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, локальді – абсолютті, шартты, субъективті, танымалдық деңгейі және қолдану аймағы бойынша.
Критерийлер жүйесіндегі оптималдық нәтижеге қол жеткізуге мұғалім ен оқушының жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тәсілінің тиімділігін айқындайды. Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі еңбек жағдайымен бөлек оқушылар ортасында бірдей жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оқу процесіне педагогика –лық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізуінің оптималдығын білдіреді.
Нәтижелік инновацияның критерийі ретінде мұғалім қызметіндегі оң нәтижелердің барынша тұрақтылығын білдіреді. Өлшемдегі технологиялық, нәтижені бақылау мен белгілеудегі түсіну мен баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаң әдістің маңыздылығын, оқыту мен тәрбиелеулдің тәсілдерін бағалаудың басты құралына айналдырады.
Инновациялық бұқаралық тәжірибеде шығармашылық пен қолдану мүмкіндігі педагогикалық иннлвацияның бағалаудың критерийі ретінде қарастырылады. Шындығында, құнды педагогикалық идея немесе технология шартты ерекшеліктермен күрделі техникалық жарақтандыруымен немесе мұғалім қызметінің ерекшеліктерімен тар шеңберге тығылып, қолдану мүмкіндігі шектеулі болса, онда біз педагогикалық жаңашылдық туралы айт алмас едік.
Инновацияны бұқаралық педагогикалық тәжірибеде қолданудың бастапқы кездегі жекелеген мұғалімдер мен тәрбиешілердің қызметіне негізделгені мен олар сыннан өтіп объективті баға лаған соң жалпыға бірдей қолдануға енгізуге ұсынуы мүмкін.
Жоғарыда аталған критерийлерді біреу және педагогткалық инновацияны бағалаукда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа негіз қолайлы.
Арнайы әдебиеттерді және иектеп қызметінің тәжірибесіне талдағанда оқу орынының жұмысында педагогикалық жаңалықты практикада қолодануға белсенділіктің төмен екендігін аңғарамыз. Ал осындай педагогикалық инновациялардың іскеи асырылмай қалуының ең кем деген де екі себебін атауға болады. Бірінші себеп, инновацияның қажетті сараптама мен сыннан өте бермейтіндігі. Екінші себеп, педагогикалық жаңалықты көбіне еш қандай алдын ала ұйымдық, техникалық, ең басты тұлғалық, психологиялық қатынастар тұрғысында дайындықсыз енгізіледі.
Педагогикалық инновацияның мазмұны мен критерийлерін тап басып тану, оларды қолданудың әдіс – тәсілін меңгеру жеке мұғалімнің бірге оқу орнының жетекшісіне де оны енгізуді объективті бағалау мен болжамдауға мүмкіндік береді. Мектептерде жоғарының нұсқауымене енгізілген инновциялық жаңалықтар қысқа мерзімде ұмытылып кетеді немесе бұйрықпен тоқтатылады.
Осы сияқты жағдайлардың негізгі себептерінің бірі – мектепте инновациялық ортаның белгілі бір ұйымдық, әдістемелік, психологиялық сипаттағы оқу процесінде инновацияны енгізуді қамтамасыз ететін кешенді шаралрдың болмуы. Бұндай инновациялық ортаның болмуы мұғалімдердің әдістемелік тұрғыдан дайындықсыздығын, оларда педагогикалық жаңа енгізілімнің мәні туралы мағлұматтың аздығынан байқалады. Ал қолайлы инновациялық орта педагогикалық ұжымда мұғалімдердің жаңа енгізілімде “қарсылық” коэффициентін төмендетеді, кәсіптік қасандықты жоюға көмектеседі. Инновациялық орта мұғалімдердің педагогикалық инновацияға қатынаынан нақты көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет