8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Дене шынықтыру және спорт мандығы мұғалімінің кәсіптік шеберлігі



бет28/186
Дата27.04.2022
өлшемі467,89 Kb.
#141042
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   186
Байланысты:
8. Лекция саба тарыны жоспары, мазм ны
этнопедагогика
Дене шынықтыру және спорт мандығы мұғалімінің кәсіптік шеберлігі

Мұғалім - балаларға білім беруші ғана емес, сонымен бірге олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана - сезімін жоғары дәрежедегі рухани байлықтармен байытушы, балаларда қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті оятушы, олады өз бетінше жаңалық ашуға, жаңалық жасуға үйретуші әлеуметтік белсенділігі бар жеке адамды тәрбиелеуші.


Мұғалімде педагогикалық қабілетпен бейімділіктің болуы - оның еңбегінің нәтижелі болуының кепілі. Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болуы үшін педагогикалық, психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс. Педагогтік іс - әрекет өте динамикалық жүйе, оның өзіндік құрылымдары бар:
1) Танымдылық іскерлік
2) Құрабілушілік іскерлігі (конструктивтік)
3) Коммуникативтік (қарым - қатынас)
4) Ұйымдастырушылық
5) Хабарлама және зерттеушілік іскерліктер мен дағдылар
Танымдық іскерлік – жеке бастың интеллектуалдық мүмкіндігі, мамандық еңібегінің негізі болып саналады.танымдық іскелікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес т.б. психикалық қасиеттерінің бірлікте дамуы қажет.
Құра білу (конструктивтік) іскерлігі оқу – тәрбие жұмысын жоспарлау, композициялық материалдардыіріктеп алумен сипатталады. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интеллектуалдық қасиет, қабілет қажет.Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдымен ойлау, салыстыру, болжам жасау, технологиялық, логикалық ойлау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан құра білу іскерлігі танымдық іскерлікпен ұштасып жататын қасиет.
Қарым – қатынас іскерлігі – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің барысында адамдармен қарым – қатынас жасауға үйренуі. Қарым – қатынас іскерлігі сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере біледен басталады. Қарым – қатынас іскерлігін тәрбиелеу үшін, адам ең алдымен басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі керек.
Ұйымдастырушылық іскерлігі – бұл мұғалім еңбегінің бөлінбейтін үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Бұл барлық педагогикалық іскерлікті бір – бірімен байланыстырып басқаратын іскерлік.
Ұйымдастырушылық іскерліктің белгілері мыналар:
жұмысты аяқтау, мақсатың белгілеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, кездесетін кедергіні тез арада болдырмауға психологиялық ахуал туғыза білу, іске қызығушылық пен кірісу іс - әрекеттерінен құралады.
Хабарлама іскерлігі – жеке педагогикалықіскерлік болып бөлінеді:
Көбіне қатынас құралы ретінде қарастырылады. Себебі қарым – қатынас хабарлама материалынсыз болуы мүмкін емес. Оқу – білім метериалын терең, жан – жақты білу, оқу әдістерін меңгеру, барлық хабарлама құралдарын пайдалану дағдысының болуын талап етеді. Бұл іскерлік мұғалімнен дауысты үйлестіре білуді, көңіл – күй сезімімен сөйлеуді, сөздің құдіреттікүшін және дауыс үнін бет қимылды меңгере білуді талап етеді. Сөйлеу, әңгімелесу, көрсете отырып түсіндіру, пікірлеу, тыңдау, сұрақ – жауап айту тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушының зейінін аудару – мұғалімнің педагогикалық іс - әрекетіне қажет іскерлік.
Зерттеушілік іскерлік - әр бір педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент жүргізуді жоспарлауды, мұғалім озат тәжірибені де өзінің тәжірибесінде жинақтауды, оларға теориялық – практиткалық негізде талдау жасауды және мектеп өміріне ендіруді қамтиды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет