Ф-ӘД-001/046
№ 14 Семинар сабағының тақырыбы. Көшбасшылық сапа теориясы: төрт типтік көшбасшылық: физиологиялық, психологиялық, эмоция, ақыл-ой, интеллектуалдық және жеке іскерлік қасиет.
2.Сабақтың мақсаты мен міндеттері:Басқарудағы көшбасшылық туралы студенттердің түсініктерін қалыптастыру.
3.Сабақтың мазмұны:
«Көшбасшы» (leader) сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жетекші, бірінші, алда
жүруші» деген мағынаны білдіреді. Бұл мойындалған үлкен беделге ие және ықпал
ете алатын әрекеті басқаруда көрінетін қандай-да бір топтың (ұйымның) бет бейнесі
(субъектісі) (1). Бұл маңызды жағдаяттарда жауапты шешім қабылдауға құқығы бар
топ мүшесі.
Адамзат тарихы көрсеткеніндей, дәл осы көшбасшылар адамның
әрекеті мен оқиғаларға шешуші ықпал етуге қабілетті, сонымен бірге дәл осы
Мұғалім-көшбасшы қандай болуы тиіс? Бұл сұрақ қазақстандық мектептер
үшін өзекті. Осыған біз білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру
курстарында мұғалімдерді оқытамыз. Үшінші деңгей курсын оқитын мұғалімдер
сабақ беретін сыныптарында көшбасшылық қасиеттерін байқатуы тиіс. Сыныпта
жүргізілетін субъект-субъек ретіндегі қатынаста оқушыларды өзімен бірге тарту
керек. Екінші деңгей мұғалімдері сыныпта және мектепте, ал бірінші деңгей
мұғалімдері екеуімен қоса кәсіби желілік қоғамдастық аясында да көшбасшы
Э.В.Вергилес «Көшбасшылықтың теориясы» еңбегінде «менеджер» және
«көшбасшы» түсініктеріне түсіндірме береді. Ол бірінші менеджер түсінігін
формальды көшбасшылыққа, ал екінші көшбасшы түсінігін формальды емес
көшбасшылыққа байланыстырады. Менеджерді стандартты, шаблонды мінез-
құлықпен, ал көшбасшыны инновациялы, шығармашыл ретінде сипаттайды (7, б. 7).
О.С. Виханский, А.И. Наумов көшбасшылықтың және менеджменттің
өзара айырмашылығын көрсетеді (8, б. 476-479). Олар менеджерлік басқаруда
адамдарды әрекетті дұрыс жасауға, ал көшбасшылық басқаруда адамдарды дұрыс
әрекет жасауға назар аудартады деп белгіледі. Көшбасшы мен менеджердің өзара
айырмашылықтарын көптеген позиция бойынша жүргізеді (1-кесте).
4.Техникалық (оның ішінде оқытудың да) және инструментальдық құралдар: слайдтар, презентациялар
5.Сабақтарды өткiзу тәртібі: Семинар-пікір-талас, ұғымдармен, сөздікпен жұмыс.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі)
1-деңгейдің сұрақтары
1. Көшбасшылықтың зерттелуі, анықтамалар.
2-деңгейдің сұрақтары
1. типтік көшбасшылық: физиологиялық, психологиялық, эмоция, ақыл-ой, интеллектуалдық және жеке іскерлік қасиет.
3-деңгейдің сұрақтары
1. Көшбасшылық қасиеттерді түсіндіріңіз.
7.СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары: 1Тұлғаның көшбасшылық қасиеттері. Доклад
8.Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруду ұйымдастыру құрылымы. Алматы, 2005
2. Өстеміров К., Шәметов Н. Кәсіптік педагогика Алматы 2006
3. Паньшина Т., Айтпаева Ж. Педагогикалық менеджмент, -Алматы: 2012ж., -248
4.Бахшиева С.М.Қазіргі мектепті басқарудың педагогикалық менеджменті.-Орал, 2008.
5. Лебедев Н.А. Білім берудегі менеджмент. Алматы, 1998
6. Баймолдаев Т.М. Менеджмент – басқару тәсілі. Алматы, 2001
7. Вазина К.Я., Петров Ю.Н. Педагогический менеджмент. Москва., 1991
8.Каракулов К.Педагогика.-Шымкент,2008.
9. Байжанова З. Жалпы педагогика.-Алматы, 2013.
Достарыңызбен бөлісу: |