Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор.
“Жас натуралистер”, “Жас техниктер” “Жас тәжірибешілер” және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Єрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттер мен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді.