Қоғамдық пайдалы еңбек – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы, мектеп жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүние танымы дамиды.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлері бар:
Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру, көшелерді, алаңдарды көгалдандыру, жолды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау.
Мәдени – ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелейді, олардың әлеуметтік ортамен қарым қатынасын кеңейтеді.
Шефтік жұмыс – адамгершілікті адам тәрбиесінің ең жоғарғы формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.
Өнімді еңбек– арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.
Оқушылар мектепаралық оқу - өндірістік комбинаттарға, оқушылардың өндірістік бригадаларына экскурсия жасап өнімді еңбектермен танысады.
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:
Еңбекке тәрбелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты;