Өзіне-өзі қызмет ету – еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету – оқу құралдарын, кабинеттерді, мебельді, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, шеберханаларды, спорт алаңдарын, мектеп үйлерін жинау т.б.
Отбасында өзіне-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек – орынды, пәтерді жинау, киім, аяқ-киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, ‰тіктеу, киімді жамау, тамақ дайындау т.б. жатады.