8-сынып (А;Б ) Сабақ №1 Күні: Тақырыбы



бет11/17
Дата27.08.2017
өлшемі2,79 Mb.
#29771
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17



Сабақ №46

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Тұран жазығы

Мақсаты:

Білімділік: Тұран жазығы ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.



Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: МаңғыстауҮстіртТорғай үстірті,Арал маңы, Сырдария бойы, ҚызылқұмБетпақдалаМойынқұмБалқаш-Алакөл 


Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті




1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Географиялық орны Тұран - Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған МаңғыстауҮстіртТорғай үстірті,Арал маңы, Сырдария бойы, ҚызылқұмБетпақдалаМойынқұмБалқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді

Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптаскан эпигерциндік платформалық құрылым - Тұран тақтасы құрайды. Оның жер бедері мен топырақ жамылғысы палеогендік карбонатты терриген жыныстары мен неоген-антропоген дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен түзілген. Маңғыстаудың аласа таулы өлкесі мезозой дәуірінде пермь-триас құмтастары мен әктастарынан, тағы басқа жыныстардың қосындыларынан түзілген. Ең биік тауы - биіктігі 350-450 м, ұзындығы 130 км болатын қаратау. Оның ең биік нүктесі - Бесшоқы (556 м). теңіз деңгейінен аласа бірнеше тұйық қазаншұңқырлар ұшырасады. Олардың ең үлкені - Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан

Маңғыстаудан Арал теңізіне дейін Үстірт қыратты жазыгы жатыр. Оның биіктігі 200-300 м. Ауданы 170 мың км2. Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км



Пайдалы қазбалары

Тұран жазығында пайдалы қазбалардан мұнай мен газқұрылыс материалдарыас тұзысода мол өндіріледі. 



Торғай мен Іле аймақтарынан да қоңыр көмір табылған.

Климаты

Жазы ыстық, қысы суық. қаңтардың орташа температурасы солтүстікте-18°С, оңтүстікте -5°С. Қыста бұл аймаққа арктикалық ауа массасы мен Сібірдің суық ауасы жиі кіреді. Бұл кезде ауа температурасы -30°- 40°С-қа жетеді, шілденің орташа температурасы солтүстікте 22°С, оңтүстікте 29°С. Аңызақ желдер жиі соғады. Көктем мен күз ылғалдырақ келеді. Жалпы жауын-шашын мөлшері аздау, жылдық мөлшері 80-100 мм.



Өзендері мен көлдері Тұран жазығында өзен жүйесі нашар дамыған. Сырдария өзені басын Қазақстаннан тысқары жерден алады да, жолшыбай суынОрта Азия республикаларының шексіз мақта плантацияларына тартып алынып, Арал теңізіне мардымсыз су барады. Сырдариякейінгі жылдары теңізге жетпей қалып жүр. Шу мен Талас өзендерінің жағдайы да осыған ұқсас.

Өсімдіктері, Жануарлары (қызыл жусан,теріскенеркекшөпжүзгінжыңгылшағыритсигекбаялышсексеуілқара сексеуілқара жусан араласкан. Өсімдік жамылғысы шөлге карағанда құмды шағылдарда көбірек болады. Саздақты сорлар мен тақырлар көбіне жалаңаш келеді. Өзен атыраптарында аздаған шалғынды шөптер кездеседі.

Тұранның саздақты шөлдерін ақбөкенқарақұйрық мекендейді, Үстіртте үстірт қойы (муфлон) кездеседі. Жыртқыш аңдарданқасқыртүлкішағыл мысығықарақал мекендейді. Шөлді зонаға тән түрлерден қосаяқтышқанкесіртке, құм тасбақасы, жылан да жиі ұшырасады




Оқушылар Т.Ж. туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар Т.Ж. жануарларын өздері атап өтеді.

Т.Ж. жазығынының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

Пайдалы қазбалардың таралу географиясына тоқталады.

Климатының ерекшелігімен таныса отырып оның қалыптасуына әсер ететін факторларға баға береді.


3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына шөлейт және шөл зоналарының шекараларын сызыңдар.

  2. Қазақстанда шөлдің қандай түрлері бар?

  3. Құмды шөл, сазды шөл, тасты шөлдердің атын дәптерлеріңе жаз.

  4. өсімдіктер шөлге қалай бейімделген?

  5. Тұран жазығының жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. МаңғыстауҮстіртТорғай үстірті,Арал маңы, Сырдария бойы, ҚызылқұмБетпақдалаМойынқұмБалқаш-Алакөл  атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.


4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.




6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет