8-сынып қазақ тілі пәні бжб 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм»



бет1/3
Дата15.05.2023
өлшемі27,64 Kb.
#176753
  1   2   3
Байланысты:
8-ñûíûï ?àçà? ò³ë³ ï?í³ áæá 4-òî?ñàí áîéûíøà æèûíòû? áà?àëàó?à à


8-сынып қазақ тілі пәні БЖБ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм»
Оқу мақсаты:
8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;
8.4.5.1 - сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Бағалау критерийі

  • тақырыбы ұқсас мәтіндердің стильін, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), салыстыра талдау жасайды;

  • сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Ойлау дағдыларының қолдану
деңгейі:
Орындау уақыты: 15-20 минут
Мәтінді түсініп оқыңыз.

1-мәтін



2-мәтін.

Саяхат бізге не үйретеді?
Өзіңізге қажет заттарды ғана алып, жалғыз саяхат тау мен арнайы тур арқылы топпен автобусқа мініп саяхаттаудың екі бөлек дүние екенін білесіз бе? Экскурсиялық және демалу үшін саяхаттау теледидардың алдында жатып, визуалды әсер алумен ғана тең. Ал жеке, жалғыз шығып ел-жерді аралау – мүлдем басқа саяхат. Онда керемет әсер алумен қатар, сіз өзіңізге жаңалық ашасыз, мүлдем өзгеше тәжірибе ала аласыз. Бұл – өмірлік сабақ.
Саяхаттауды демалыспен шатастырмайық. Біз «демалыс» деп үйде, жылы төсекте жатуды айтамыз. Туристік инфроқұрылымы дамыған елдерге барып келу де демалыс бола алады. Ал саяхат – демалыс емес. Сіз онда ауыр жүкпен тауға да шығасыз, ұзақ жол да жүресіз, тропикалық ормандарда терлеп-тепшіп, тундраларда тоңасыз. Бұл демалыспа?! Кейбір саяхаттар өте қиын болуы да мүмкін. Сондықтан саяхаттаудың демалыс емес екенін ұғу керек.
Ең керемет сәт – оралу. Сіз өз Отаныңызға, туған жеріңізге ораласыз. Әлемге өзгеше қарап, таныстармен өзгеше қарым-қатынас құра бастайсыз. Себебі сіз өзгердіңіз, тәжірибе жинадыңыз. Ең бастысы, сіз саяхаттаудан өмірлік сабақ аласыз, көзқарас қалыптастырасыз, жаңа әлемді көресіз, өміріңізде өзгеріс болады.
(Дайындаған Ардақ Құлтай)

Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін?!
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін?!
Көшіп-қонып жүрмеген
Жер қадірін не білсін?!
Көшсе қона білмеген,
Қонса көше білмеген,
Ақылыңа көнбеген
Жұрт қадірін не білсін?!
(Асан қайғы)







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет