Рахимова Данагүл Қуанышқалиқызы Жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебі Педагог-психолог



Дата26.01.2018
өлшемі172,12 Kb.
#34018
Рахимова Данагүл Қуанышқалиқызы

Жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебі

Педагог-психолог

БҚО, Сырым ауданы, Көздіғара ауылы

Тақырыбы: «Мен және менің мінезім»

Мақсаты:

а) оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

б) мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

в) жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Барысы:

Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен заттарға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.

«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.

Темперамент тума факторларға, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады.



Адамдардың түс таңдауына қарап психологтар олардың мінезін, ішкі жан-дүниесіндегі құбылыстарды болжайды. Киім, автокөлік, жиһазды таңдауда әрқайсымыздың өз талғамымыз бар. Біреулердің бір ғана сүйікті түсі болады. Олар үнемі қандай зат алса да, сол түстегісін іздейді. Сонымен өзіңіздің немесе жаныңыздағылардың мінезін білуге тырысып көріңіз.

Ақ түс адамның аңқаулық, пәктік, албырттықтың мінезінен хабар береді. Көбінесе ақты жастар жөн көреді. Ал бұл түсті ересек жастағы жанның таңдағаны оның өзгеге көмектесуге ынтығып тұратынын аңғартады. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Алдына мақсат қойғыш жан. Сонымен қатар ақ түсті киім кигенді қалайтын ересек адамдар қарапайым өмірді қалайды әрі жастық шағын жиі аңсайды.

Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді.

Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді. Тың идеяларды талқылып, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін әрекеті.

Алқызыл, қызғылт түс нәзіктіктің белгісі. Көбінесе бұл түсті балалы болуды қалайтын әйелдер ұнатады. Айналасындағылардан қорғанып, тыныш өмірді қалайтын жандар алқызыл түске құмар. Олардың мінездері жұмсақ келеді.

ҚызыЛ қоңыр түсті ұнататындар өмірден мол тәжірбие алған жандар. Оның өз тәртібі бар, ойы кемелденген адам. Бұл түсті қалайтындар байсалды мінезімен тартымды келеді.

Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.

Қызғылт сары, сарғылт түсті көбінесе көпшіл, үнемі көңілді жүруге тырысып, белсенді өмір салтын ұстанатындар ұнатады. Олар жүрген ортада ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Кез келген ортада танымал. Дегенмен мінезі байсалды. Құбылмалылық, жігерсіздігі да бар. Бұл мінезін жеңу үшін әрекет те жасайды. Негізі қызғылт сары, сарғылт түс жастардың түсі.

Күлгін түсті өзінің талғамы орныққан, ақылды екенін сыртқа білдіруге тырысатындар жақсы көреді. Олар жұмыста аса белсенді, әртістік қабілеті бар, ұжымда абыройлы болуға талпынатындар. Олар өзгеге жаны ашығанымен өзін ғана ойлайды. Күлгін түсті қатты ұнататындардың осындай мінезі бар.

Көгілдір, көк түсті киімдерді көп киетіндер сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Бірақ іштей қатал мінезі де жоқ емес. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар.

Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес.

Сұр түсті сақ адамдар жақсы көреді. Олар еңбекқор, жұмыста марапатқа ие болмаса да жұмысын тоқтатпай, жалғастыра береді. Сұр түске құмарларға бала күнінде ерекше көңіл бөлінбегенін аңғаруға болады. Сондықтан өзін көрсетуге келгенде тым жасқаншақ. Ол мұны қалыпты жағдай деп түсінеді.

Қара түсті көбіне жұмбақ, құпия болуға тырысатындар жақсы көреді. Олар өзінің ойын көп жерде айтпайды. Жасыруға тырысады. Қара түсті таңдайтындардың шын мәнінде жан-дүниесі бостау келеді дейді психологтар.
Мінез туралы жалпы ұғым Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. Егерде қасында жақсы мінезді адам болса, өз басында үлкен жеңілдікті сезесің.,

Күнделікті өмірде адам мінезінің қарама-қарсы бітістері көрініс береді: қайырымды — сараң, батыл солқылдақ, жүректі — қорқақ, еңбекқор — жалқау, табанды -тұрақсыз т.б. Психологиялық әдебиетте мінезді характер деп атайды. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынада. Шынында да қоғам тәрбие арқылы адамның мінезін баспаға басқандай қылып, керекті көрінісін жасайды. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.

Мінездің көрінісі көптеген тұрақты бітімдерге айналып, адамның қоршаған дүниеге, басқа жандарға, психикалық процестерге деген қарым-қатынасын аңғартады. Мәселен педагогтардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің т.б. мінез бетістерінің ұстамдылығы, байсалдығы, шыдамдылығы, байқағыштығы айрықша көрініс беруге тиіс. Сондай-ақ адамның мінезінің құрылымында өзіне ғана тән индивидуалдық өзгешеліктері де болады, өйткені әр адамның талғамы, талпынысы жалпы өмір тәжірибесі әр түрлі болып келеді.

Адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілі бір типке жатқызған болсақ, біз олардың мінездерінің бітістерін үйлесімді, жарасымды деп есептейміз. Демек, мінездің үйлесімділігі, жағымдылығы болып қалатын шәлкестерде түгелдей жоққа шығарылмайды. Мәселен адамның ақкөңілділігі кейде оның принципшілдігімен сәйкес келіп қалуы мүмкін. Мінездің бітістерін адамның өмірге деген сенімдеріне, көзқарастарына беталысының басқа да ерекшеліктеріне жатқызуға болмайды. Мәселен ақжарқын және көңілді адамның бірінің адамгершілік қасиеті өте жоғары болса, осындай мінез бітістері бар басқа біреу өз басындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арамдың жасаудан да тайсалмайды. Сонымен қатар мінездің кейбір бітістері адамның жеке басының беталысымен анықталып отырады. Мәселен отанға деген орасан зор сүйіспеншілік адамның жеке басында қайтпас қайсарлық, ерекше батылдық және ерлік туғызып отырады.



Адамның тәжірибесінен көрініс беретін мінез бітістері өте көп, әйтеуір мыңнан артық деп есептеледі. Олардың бәрін атап шығудың пайдасы жоқ, бірақ сан жағынан біреудің мінезінде белгілі бір бітістер басым болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың ішінде жомарттығы, әлде адалдығы мен олардың ашықтығы азды көптілері кездесіп отырады. Егерде мінездің осы әлде басқа бітістерінің сандық көрсеткіші шегіне жетсе, мінез акцентуация көрінісін береді. Бұл кейбір бітістердің күшею нәтижесінде асып шегіне жеткен мінез көріністері индивид стресс сезімін пайда қылатын факторлардың бірінен тез күйзеліп қалса, енді біреулеріне шыдамдылық көрсетеді

Туған жылыңның әсері
Қазақша жыл қайыру бойынша адам жасының он екі жылы бір мүшел болып саналады. Алайда адам өзінің алғашқы мүшеліне 13 жасында толады да, келесі мүшелін оған он екі жылды қосу арқылы анықтап, қалған мүшелдерін әрбір мүшел жасқа он екі жылдан қосу арқылы біліп отырады. Қазақша жыл қайыруға сәйкес 12 жыл 12 жануардың атымен аталған. Жұлдызнамашылардың айтуынша кім қай жылы туды, оның мінез - құлқы сол жыл аталған жануардың мінез-құлқына ұқсайтын болады.

1. Тышқан жылы туылғандар
Олар үсті - басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан - той, ырду - дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш.
2. Сиыр жылы туылғандар
Ұстамды келеді. Туған-туыстарының, өзінің қайғысына қатты күйзеліп, кімге болсын көмегін аямайды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қарайды.
3. Барыс жылы туылғандар
Қызба мінезді, ашулан - шақ, басқаға билік жүргізгенді ұнатады, ешнәрсеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, ренжітіп тастайды.
4. Қоян жылы туылғандар
Қорқақ. Кез - келген нәрседен үрейленеді, сыр сақ - тауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл - күйіне қарай әрекет ететін жан.
5. Ұлу жылы туылғандар
Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тырысатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үн - сіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады.
6. Жылан жылы туылғандар
Сырт көзге ұяң, маңызды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Шамына тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез - құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландардан аулақ жүр.
7. Жылқы жылы туылғандар
Олар – «жұмыс аты» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным таппайды. Әйтеуір, күні бойы тыпырлап, мазасыз күй кешеді.
8. Қой жылы туылғандар
Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қауіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.
9. Мешін жылы туылғандар
Олар - өзіне - өзі ғашық жан - дар. Сәнқой, ырду - дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден ар - тық санайды.
10. Тауық жылы туылғандар
«Үйкүшік». Үй - үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл - ойы бір басына жетерлік.
11. Ит жылы туылғандар
Мінезі сөзшең, талас - тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда еш - кімге зияны жоқ.
12. Доңыз жылы туылғандар
Оңаша, табиғат аясында, бау - бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқанды ұнатады. Көп нәрсеге басын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болады.

Мінез туралы Абайдың қара сөзі:

Туған айыңның әсері
Бір жылда он екі ай бар болса, олардың әрқайсы көктем, жаз, күз, қыс мезгілін білдіреді. Соған сәйкес ол кездегі ауа - райы қалай әр - түрлі болса, сол айларда туылғандардың да мінез - құлқы әрқилы. Біз енді сол жөніндегі болжамдарға назар аударалық.
Қаңтар айында туылғандар Олар – шыдамды да жігерлі. Тағдырдың қандай тауқыметін тартса да туған - туыстарына салмақ түсірмейді, барлық ауыртпалықты өзі көтеріп, қайсарлық танытады.
Ақпан айында туылғандар Олар – тік мінезді, ұстамсыздық танытатын кездері көп. Мінезі көңіл күйіне байланысты өзгеріп отырады. Жан - дүниесіне тән қасиет: қиындықтардан қорқуды білмеу, тез шешім қабылдау, қандай шығынға батса да, оны өтеген соң қынжылмай ұмытып кету. Бұл айда туылғандар кекшіл, өзін жәбірлегендерді кешіре бермейді, әлсіздерді менсінбейді, үнемі ақкөңілдік, мейірімділік таныта қоймайды. Біреудің арамдығын іштей сезіп тұрса да, білме - ген сыңай танытады. Өзі сый - ластық танытқан адамы сыйластықпен жауап қайтармаса, ол туысы ма, досы ма, бәрі бір, кейде онымен қарым - қатынасы «қатып» қалады. Негізінен, мұның бәрі осы айда туылған ер адамдарға тән. Олар сұлулықты, тазалықты, әсем әуен, суреттерді, табиғатты сүйеді.
Наурыз айында туылғандар Олар – өте сезімтал және әсершіл. Тек сәтсіздіктерге мойығыш, бұл қызметтегі өсуі - не басты кедергі. Егерде мойығыш, уайымшылдығын қойып, бірбеткейлік, табандылық танытатын болса, алмайтын асуы аз.
Сәуірде туылғандар Көкек (сәуір) айында жарық дүние есігін ашқандардың мінезі – қатал. Олар өз мақсатына жету үшін батылдық, табандылық танытады, шешімді тез қабылдайды, өзіне - өзі есеп беріп, қателігін, кемшілігін, жетістігін саралап, салмақтап отырады. Өздерінің тұрмыс жағдайы оларды қатты толғандырады. Бірқалыпты өмір сүргенді қалайды.
Мамырда дүниеге келген әйелдер кекшіл, өзіне жамандық жасағандарды оңайлықпен кешіре алмайды.
Маусым айында туылғандар Олар – уайымшыл, жаны тез жараланғыш, өз істеріне байыппен, сергектікпен қарайтындар. Дарындылық пен алғырлық, мейірімділік мінез-құлқына, бойына тән қасиеттер. Жақындары мінез - құлқын көп тани бермеуі, оларды тұйық санауы мүмкін. Олар туыстарының олай ойлауына жол бергенімен, сырт адамдармен ашық - жарқын қарым - қатынаста болады, шешіліп сөйлеседі. Дау - дамайды ұнатпайды, одан бойын аулақ ұстайды.
Шілде айында туылғандар Олар - өзімшіл, ұстамсыз, шыдамсыз болып келеді. Тәкаппар, өзін өзгелерге тәуелді етпейді. Алайда дос, жолдас, құрбыларының айтқанынан шыға алмайтын көнбіс.
Тамыз айында туылғандар Олар – бірбеткей, қуатты, әсершіл. Жемісті еңбек етеді, кейде аңғал. Бұл айда дүние есігін ашқан ерлер – сезімтал, айналасындағылардан мақтау күтетін, өзін сынағандарды жек көретін, көбінесе алғашқы отбасысы ұзаққа бармайтын жандар.
Қыркүйек айында туылғандар Олар – қызуқанды, әсершіл, мақсат қойғыш, жанжалқой, ақшаны үнемдеп жұмсайтын, өзін - өзі жақсы көретін, есепке өте жүйрік жандар. Үнемі алдына белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің жолын іздестіріп жүреді.
Қазан айында туылғандар Олар – қарапайым. Бұл олардың басты ерекшелігі. Қазанда туылған ерлер өтірікке жақын, оның сөзінің қайсы шын, қайсы жалған, сезу қиын. Ақылды да достықты жоғары бағалайтын, қаржымен байыпты жұмыс істейтін, шешімді көп ойланып қабылдайтын, оның алдында ақылды адамдармен сөйлесіп алатын, алайда көбінесе өз көзқарасын дұрыс санайтын адамдар. Қазанда туылған әйелдер – принципшіл. Сатқын - дық пен екіжүзділікті кешірмейтін, есте сақтау қабілеті жоғары, өмір бойы шаңырағының шайқалмауы үшін күресетін жандар. Үй шаруасына пысық. Өзін сынағандарды жек көреді.
Қараша айында туылғандар Бұлар – есепке жүйрік, өз тұрмыс жағдайы үшін ұнамсыз істерге де баратын, қасындағыларға сараң болғанымен, соңғы ақшасына қыдыруға әзір адам - дар. Содан қаржы тапшылығын жиі көреді, бірақта одан қорытынды шығар - майды.

Желтоқсан айында ту - ылғандар Олар – сезімтал және көңілшек. Желтоқсанда кіндік қаны тамған ерлер ашуланғанда өзін - өзі ұстап тұра алмайды. Содан сәл нәрсеге қабақ шытып, айқай - шу шығаруы мүмкін. Мінезінде ұрыншақтық бар. Жағым - сыз жайларға жиі себеп - кер болады. Бірқалыпты өмірден тез жалығады, қызуқанды, өте нәпсіқұмар, дос - жолдастарының көп болғанын қалайды.
Суреттен ең бірінші қандай көзді көрдіңіз??
1. Жомарт әрі адамгершілігі мол
Сіз кемел тұлға болуға ұмтыласыз. Аздаған тәкаппарлығыңыз да бар. Адамдармен қарым-қатынас жасауыңыз өте қиын. Кейде мінезіңізді өзіңіз де түсінбей жатасыз. Жұмысты жан-тәніңізбен беріліп істейсіз. Адамзатқа ортақ мүдде үшін қызмет жасағыңыз келеді.
Біреуге бірінші болып тиіспейсіз, бірақ тиіскенді оңдырмайсыз. Махаббат атаулы құдіретті сезімнің алдында бас иесіз. Сіздің еңбегіңізге шынайы бағасын беретін жандар өте аз.
2. Шынайы әрі тез еліктегіш жан
Өзгелерді қамқорлыққа алуды жақсы көретін, жауапкершілігі мол адамсыз. Мінезіңіз де жайдарлы. Адамдардың сеніміне оңай ие боласыз. Жылдам қозғалып, әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен жүресіз. Әңгіме мен «соңғы жаңалықтарды» айтудың шеберісіз.
3. Ойлануды жақсы көретін ақылды адам
Ойшыл адамсыз. Бұл өмірдегі басты құралыңыз – ойлау қабілетіңіз бен жаңа идеялар. Тыныштықта жатып ойланғанды жақсы көресіз. Білімге құмар жандармен тез тіл табысасыз. Өзімшілдіктен аулақсыз. Адамгершілік жайында көп ойланасыз. Тіпті, уақытыңызды артық шығындайсыз деуге келеді. Дұрыс жолдан адаспау үшін бүкіл адамзатқа қарсы тұруға дайынсыз.
4. Сезімтал әрі философ
Жер бетінде сіз секілді адамдар өте сирек кездеседі. Өзіңізге ұқсайтын жандарды табу да қиын. Көп жағдайда өз ойыңызды жеткізе алмай қиналасыз. Сізге жеке кеңістік қажет. Шығармашылығыңызды ешкімнің пікіріне қарамастан, дамыта түсуге тиіссіз. Ақ пен қараны дұрыс ажырата білесіз. Өте сезімталсыз, айналадағының барлығын жүрегіңізге жақын қабылдайсыз.
5. Өзіне сенімді және тізгін ұстағанды жақсы көретін жандар
Сіз тәуелсіз тұлғасыз. Ешкімнің қолына қарап жалтақтамайсыз. «Барлығын өзім жасаймын» деген өмірлік ұстанымыңыз бар. Өз күшіңізге ғана сенесіз. Бұл өмірде не қалайтыныңызды, қандай мақсаттарға ұмтылатындығыңызды жақсы білесіз. Ал айналаңыздағы адамдардан сізге адал болуын ғана талап етесіз. Сіз тәтті өтірікке қарағанда, ащы шындықтың дәмін татуға әзірсіз.
6. Мейірімді әрі сезімтал
Адамдармен қарым-қатынасқа оңай түсесіз. Достарыңыз көп әрі оларға әрдайым көмектесуге дайын тұрасыз. Адамдар сіздің жаныңызда болғаныңызды ұнатады. Сіз күн сайын жақсы бола түсудің амалын ойластырасыз. Айналадағылар үшін қызықты болғыңыз келеді. Өзгелердің махаббатына бөленуді жақсы көресіз. Сізді жақсы көрмейтін жандарды да қамқорлығыңызға алуға дайынсыз.
7. Бақытты да сабырлы
Сіз сезімтал әрі барлығын оңай түсенетін жансыз. Өз пікіріңізді білдірмес бұрын, мұқият тыңдап аласыз. Адамдарға сын көзбен қарамайсыз. Бұл өмірде әр адамның өз жолы бар деп ойлайсыз. Өзгерістерді жақсы көресіз. Күйзеліске оңай төтеп бересіз. Ашуланатын сәттеріңіз сирек кездеседі. Күнделікті тұрмыста жайбарақат жүретін адамсыз. Үнемі дұрыс шешім қабылдайсыз.
8. Сүйкімді әрі энергияға толы
Сіз жарқын жүзді, әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен жүретін адамсыз. Аздаған ұшқалақтығыңыз да бар. Қандай іс болмасын кірісіп кетуге дайын тұрасыз. Адамдарды үнемі таң қалдырып жүресіз. Бұл - сіздің қаныңызға сіңген қасиет. Барлығына қызығасыз, оңай таңырқайсыз. Қызыққаныңызды меңгеріп алмайынша тынышталмайсыз.
9. Өмірде жолы болғыш әрі нағыз оптимист
Өмірді өзіңізге тарту еткен сый деп түсініп, әрбір сағатын пайдалы істермен ғана толтырғыңыз келеді. Өмірде жеткен жетістіктеріңізге ризасыз. Сүйген адамдарыңызбен қуанышты да, қайғыны да бөлісуге дайынсыз. Өмірге деген көзқарасыңыз да ерекше. Өсіп, білім алу үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланасыз. Сіз әлемдегі ең бақытты адамдардың қатарындасыз.


Психологтар қыз-келіншектердің сөмкені қалай ұстайтынына қарап, олардың мінез-құлқына баға беріпті. Олай болса, сөмке ұстаудың да өзіндік сыры бар екен.
Сөмкені бауырына қысып ұстап, қолын төмен түсіріп жүретіндер сабырлы, ұстамды, сыпайы, орнықты адам болып есептеледі екен.
Егер сөмкені қарына іліп, қолын білегінің тұсына дейін иіп ұстаса, ол – тәртіпті, көрер көзге жақсы көрінетін жан. Үй шаруашылығына бейім, басқалардың ойын айтпай түсінеді. Сонымен қатар, өз бағасын жақсы біледі.
Сөмкені иыққа таман, жоғары ұстайтын болса, ол батыл, әсершіл, кез келген күрделі мәселені шешуге қиналмай тез кірісетін адам болғаны. Көпшіл, барлық адаммен тіл табыса алатын, жалғыздықты жаны сүймейтін жан.
Сөмкені бір шетінен ғана ұстап жүретіндер – сөмкені отырған орнына алаңсыз тасап кете беретіндер. Бұл – өз-өзіне сенімді, өзі туралы айтылып жатқан басқалар пікіріне құлақ аспайтын бекем жан.
Сөмкенің бауын қарына іліп алып, кеудесіне қысып ұстау – ешкімге сенбейтін күдікшіл қыздарға тән мінез. Сөмкені иыққа іліп алып, қолын төмен түсіріп жүретін адам – ұялшақ, өзіне сенбейтін именшек адам.
Ал, сөмкені иығына іліп алып, екі қолын бос жіберетін адам дәл осы қалпында өзін жеңіл, еркін сезінсе, ондай әйел заты көңілді, өзіне көңілі толатын, басқалардың назарын өзіне аударуға бейім, біреуге ұнауға, өзі туралы жақсы пікір естуге құмар келеді.
Сөмкені қолтығына қысып ұстау – ұялшақ, ұяң болып көрінгенімен, ешкімге тәуелсіз, байсалды нәзік жандарға тән.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет