8 сынып биология Күні: 13.12.2016жыл Нургуджаева А. Т
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қан, ұлпа сүйықтығы және лимфа-организм ішкі ортасының құрам бөліктері. Олардың айналымы және байланысы. Қанның құрамы: плазма және формалы элементтері - эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер. Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.
|
Мақсаты
|
Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы, қанның құрамы, қызметі және қанның ұюы,тромбоциттердің құрылысы, қызметі туралы түсінік беру. Салыстыра білу, ажырата білу қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа баулу.
|
Жұмыс нәтижесі
|
Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы, қанның құрамы, қызметі және қанның ұюы,тромбоциттердің құрылысы, қызметі туралы мәлімет алады.
|
Сілтеме
|
8-сынып биология.Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Оқулық беті. Ғаламтор мәліметтері.
|
Қолданылған әдістері мен тәсілдері
|
Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету:
Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек;
АКТ-ны қолдану;
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
|
Ресурстар
|
Оқулық, дәптер, қалам, ноудбук, стикер, флипчарт, түрлі- түсті қағаздар.
|
Сабақтың өтілетін уақыты
|
45 минут
|
Сабақ жоспары
|
Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою
Сабақ барысы: топтық тапсырмалар
Рефлексия
Үйге тапсырма
|
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Бір-біріне ыстық лебіздерін білдіреді. (шаттық шеңбері)
Оқушыларды топтастыру жүргізіледі.
Блум таксономиясы
Білу:
1.Дене сымбатының бұзылуы неге байланысты?
2.Жалпақтабандылық қалай пайда болады?
3. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттықтырудың әсері.
Түсіну:
Жаңа тақырып:
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты? Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы, қанның құрамы, қызметі және қанның ұюы,тромбоциттердің құрылысы, қызметі туралы түсінік беру.
Нені оқимыз және үйренеміз.
Адам организмінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, қан мен лимфа түзеді. Ұлпа сұйықтығы қанның сұйық бөлігі – плазмадан түзіледі. Организмде ұлпа сұйықтығы үнемі қозғалыста
болады,ол қан тамырлары арқылы жаңартылады. Қан сұйық бөліктен – плазмадан және онда қалқып жүретін фопмалы элементтер: эритроциттер,лейкоциттер және тромбоциттерден тұрады. Тромбоциттер немесе қан пластинкалары – қанның ең кішкентай, түссіз, ядросыз формалық элементтері. Олар сүйек кемігінде түзіледі, мөлшері 2-4 мкм, дұрыс емес дөңгелек пішінді.
Топтық жұмыс: Жаңа тақырып бойынша топтарға тапсырма беріледі. Мәтінмен танысады. Әр топ берілген тапсырмаларын қорғайды.
І топ Организмнің ішкі ортасы
ІІ топ Қанның құрамы
ІІІ топ Қан плазмасы
ІҮ топ Қанның ұюы,тромбоциттер
Қолдану : Дәптермен жұмыс №10 зертханалық жұмыс. Адам қанының микроскоптық құрылысы.Түсінгендерін тексеру:
Талдау:
1.Организмнің ішкі ортасы неден түзілген? Ол қандай рөл атқарады?
2.Қан неден тұрады? Қандай қызмет атқарады?
3. Тромбоциттердің құрылысы мен қызметі қандай?
4.Қанның ұюы қалай жүреді? Гемофилия ауруы қалай сипатталады?
Қан
Жинақтау: Топтастыру стратегиясы
Қорытындылау:
Бағалау:
Өз пікірлерін айтады.
Жаңа материалдың құндылықтарын пайымдайды.
Келесі тапсырма:
|
Қан, ұлпа сүйықтығы және лимфа-организм ішкі ортасының құрам бөліктері. Олардың айналымы және байланысы. Қанның құрамы: плазма және формалы элементтері - эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер. Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.
|
Келесі оқылым:
|
Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы. Гемоглобиннің рөлі. Артериялық және веналық қан.
|
Бағалау:
|
Оқыту үшін бағалау, өзін-өзі бағалау /жұптық жұмыс, топтық жұмыс, сыныппен жүргізілген жұмыстар бойынша /
|
Рефлексия:
|
Оқушылар өтілген сабақтан жағымды әсер алғандығын, сабақтың қызықты өткендігін жеткізеді. Рефлексия алынды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |