8 тақырып. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытын айқындайды.
Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей –тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және праволық жағдайлар
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай керек. Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қазметтердің алуан түрлері; тұтынушылардағы ақша –қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық –кемдігі; еңбек ақы қорының артық –кемдігі; қарыз (несие) беретін мекемелердің ақша ресурстарды болуы керек т.б.
Әлеуметтік жағдай. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы шарт. Оған қоғамның рухани даму дәрежесі және діни нормалар ықпалын тигізеді. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты.
Құқықтық жағдай. Ең бастысы кәсіпкерлік істерді реттейтін заңдар болуы шарт. Оған мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді бюрократтардан қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке праволық заңдар т.б.
Кәсіпкерліктің түрлері
Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.
Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.
Ұжымдық – құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестіктер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.
Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.
Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары.
Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми –техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консорциум – бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Финанс - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын (фирма) дегеніміз - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді, олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам.
8.1. кесте
Кәсіпорындардың негізгі формалары
Формалар
|
Артықшылықтары
|
Кемшіліктері
|
Жеке шаруашылық -бизнес, иесі бір адам.
|
Іс әрекеттің еркінділігі,
тәуелсіздік,
барлық пайдаға ие болу
|
Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі,
несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі.
|
Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма:
жауапкершілігі шектеулі,
толық жауапкершіліктегі,
жауапкершілігі аралас серіктестік.
|
Ұйымдастырудің қарапайымдылығы,
қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл,
мамандандырылу-дың деңгейі жоғары,
өндіріс көлемін кеңейту мүмкін-шілігі мол.
|
әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі,
серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі,
құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы,
бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.
|
Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық.
|
Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі,
фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қоймайды.)
|
Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі,
акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі,
кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.
|
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындар түрде болуы мүмкін. Нарықтық экономика жағдайында фирмалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес- жоспарды жасау – жалпы қолданатын құрал. Бизнес-жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады.
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық – праволық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
Шаруашылық серіктестік – толық серіктістік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайдаға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
Командиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
Жауапкершілігі шектелген серіктестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
Ашық және жабық акционерлік қоғам.
Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік правосы (құқұғы) жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.
Төменгі кестеге баса көңіл аударып көрсеңіз және кәсіпкерлікпен айналасуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады.
8.2. кесте
Кәсіпкерлік істің элементтері
Бизнес мүмкіндігін анықтау және бағалау (1)
|
Бизнес –жоспарды жасақтау (2)
І-ші бөлім кіріспе
|
Ресурстың керектігін анықтау (3)
|
Кәсіпорынды басқару (4)
|
1.Бизнес мүмкіндігің ұзақтығы
|
Бизнесті сипаттау, жоспардың мазмұны
ІІ-ші бөлім
|
1.Керекті ресурстарды анықтау
|
1.Басқару стилін жасақтау
|
2.Бизнес мүмкіндігін іске асыру нарығы
|
1.Кәсіпорынды сипаттау (қортынды)
|
2.Қолда бар ресурстарды анықтау
|
2.Басқару жүесін енгізу
|
3.Бәсекелестікті талдау
|
2.Саланы талдау
|
3.Ресурстың керектігін теңестіру
|
3.Ұйымдастыру процедурасын зерттеу
|
4.Бизнес мүмкіндігінің нарыққа кәсіпораңға бағалылығы
|
3.Өндіріс жоспары
4.Маркетинг жоспары
|
4.Керекті ресурстармен жабдықтаушыларды анықтау
|
4.Жүйелі түрде талдау жүргізу (күшті және осал жерлері, болашақ қауіптер)
|
5.Бизнес мүмкіндігіндегі тәуекел мен пайда
|
5.Финанс жоспары
6. Ұйымдастыру жоспары
7.Оперативті жоспар
|
5.Жабдықтаушыларға жақындау қатынастарын жасақтау
|
5.Табыс факторларын анықтау
|
6.Мүмкіндіктерді кәсіпкерлік біліммен, дағдымен, тілекпен ұштастыру
|
8.Тиімділік есебі
|
|
|
Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды. Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері:
тәуекел
белсенділік
тәуелсіздік
тапқырлық
жауапкершілік
белсенді түрде іздену
Кәсіпкерлікті іс-әрекеттің мәніне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады:
өндірістік – тауар, қызмет өндіру процесін жүзеге асырумен байланысты;
коммерциялық - өндіріспен байланыста емес тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асады;
каржылық – бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі бірақ айналым объектісіне ақша ,валюта, бағалы қағаздар жатады;
делдалдық – сатушылар мен сатып алушыларды табыстыратын, кездестіретін, келістіретін байланыс түрінде жүзеге асады;
сақтандыру – кәсіпкерліктің ерекше формасы оның мағынасы: әсіпкер сақтандыру жарнасын алып, оны кауіпсіздендірілген жағдайда ғана қайтарады;
Фирма көлеміне байланысты: шағын, орта және ірі бизнес болып бөлінеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:
Кезкелген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді.
Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді.
Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.
Бәсеке дамуының негізін құрайды.
Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.
Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж.), «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж.), «2001-2002 ж.ж. бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.
Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта
кәсіпкерліктің ролі мен орны:
Шағын өндіріс нарық коньюктурасының өзгерісін икемді сезінді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарда мүмкін емес.
Шағын кәсіпкерлік іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан ресурстар пайдаланылмаған болар еді.
Шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады.
Шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады.
Шағын өндіріске ғылыми-техникалық жаңалықтардың әлемдік тәжірибеде 50% келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палориоид» типті фотоаппараттар)
Шағын бизнестің әлеуметтік қиын жағдайды жұмсарту орны бөлек. Ауыр дағдарыс кездері халық осыдан жұмыс тауып, өздерінің қабілеттерін жүзеге асырады.
2001 жылдың басында Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерліктің 348 мың субъектілері тіркелді, бұл елдің жұмыспен қамтылғандарының жалпы санының төрттен бірін құрайды. Шағын кәсіпорындар санын 500 мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер саны халықтың жұмыспен қамтылғанының 40%-ке жеткізу міндеті қойылды.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Акционерлік қоғам
Белсенділік
Кәсіпкер
Кәсіпорын
Өндірістік кооператив
Серіктестік
Унитарлы кәсіпорын
Ұжымдар
Фирма
Бақылау сұрақтары
Кәсіпкерлікке жалпы сипаттама.
Кәсіпкерлік қабілеттіліктің функциялары.
Кәсіпкерліктің экономикалық-әлеуметтік жағдайы.
Кәсіпкерліктің түрлері.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі түрлері.
Шағын және орта кәсіпкерліктің ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |