- ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады.
- Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл - Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
- Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
- халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
- 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл - Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді.
- Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
Конституция құрылымы - Преамбула (кiрiспе);
- 9 бөлiмнен;
- 99 баптан,
- көптеген тармақтар мен тармақшалар-дан тұрады.
- I бөлім. Жалпы ережелер
- II бөлім. Адам және азамат
- III бөлім. Президент
- IV бөлім. Парламент
- V бөлім. Үкімет
- VI бөлім. Конституциялық сот
- VII бөлім. Соттар және сот төрелігі. Прокуратура. Адам құқықтары туралы уәкіл
- VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- IX бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Достарыңызбен бөлісу: |