Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық заңдардан жоғары заңды күшке ие болады.
Мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің негізгі саяси және құқықтық құжаты болып табылады.
Конституция
Елдің қоғамдық және экономикалық құрылымын, басқару нысанын және мемлекеттік құрылымын, тұлғаның құқықтық мәртебесін, билік пен басқару органдарының құзыретін, сот төрелігінің ұйымдастыруын, сайлау жүйесін белгілейтін мемлекеттің негізгі заңы болып табылады.
Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді.
Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды.
Қазақ КСР Конституциясы 1937 жыл
1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды.
«КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген.