Конституция-құқықтық нормалар өз ұйғарымдарының анықталу деңгейі бойынша императивті және диспозитивті болып бөлінеді.
Конституция-құқықтық нормалар өз ұйғарымдарының анықталу деңгейі бойынша императивті және диспозитивті болып бөлінеді.
Императивті нормаларға мысал ретінде Парламент немесе жергілікті өкілді органдардың 1 жылда шақыратын сессиялардың санын белгілеуші нормаларды, ал диспозитивті нормаларға осы сессияларды кезектен тыс шақыру ережесін белгілеуші нормаларды жатқызуға болады.
Конституциялық-құқықтық нормалар аймақтық әрекеті бойынша республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
Конституциялық құқық қайнар көздерін топтастыруға келетін болсақ – Қазақстан Республикасы конституциялық құқығынын негізгі қайнар көзі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.
Конституциялық құқық қайнар көздерін топтастыруға келетін болсақ – Қазақстан Республикасы конституциялық құқығынын негізгі қайнар көзі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.
Себебі, Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады (ҚР Конституциясы, 4 бап, 2 тармақ). Басқа қайнар көздердің бәрі де Конституциядан туындайды және оған қайшы келмеу керек
Конституциялық - құқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік - құқықтық актілердің жиынтығы.
- 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» және т. б. заңдар.

- Заңдар – конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір кең тараған түрі. Оларға «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», т.б. заңдар жатады. - Конституциялық - құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарының қаулылары;
- Қазақстан Президентінің конституциялы құқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;