Конституциялық құқықтың ғылым және құқық саласы ретіндегі ара қатынасын былай тұжырымдауға болады:
Конституциялық құқықтың ғылым және құқық саласы ретіндегі ара қатынасын былай тұжырымдауға болады:
конституциялық құқық саласы ретінде белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуші конституциялық нормалар жиынтығы болып табылады,
ал конституциялық құқық ғылымы осы нормалар мен қатынастарды зерттейді.
Конституциялық құқық – бұл Қазақстан Республикасының құрылысын, яғни конституциялық құрылыс негіздерін, азамат, оның органдары мен институттарын бекітуші конституциялық нормаларды және осы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастарды зерттеуші заң ғылымы.

Конституциялық құқық ғылымының әдістері:
Конституциялық құқық ғылымының әдістері:
1. Диалектикалық яғни анықтаушы әдіс – бұл әдіс ғылымда болып жатқан құбылыстарды даму барысында зерттейді.
2. Салыстырмалы әдіс – ғылымдағы құбылыстарды салыстыру арқылы зерттейді.
3. Жүйелік әдіс – жүйедегі зерттеу. Өкілетті билік ішіндегі бөлек элемент – сайлау құқығы.
4. Тарихи әдіс – құқықтың даму тарихын зерттейді.
5. Статистикалық әдіс – жергілікті өкілді және атқару органдарының қызметін зерттеу.
6. Социологиялық зерттеу әдісі және социологиялық эксперимент – қоғамдық пікірді сұрау және есепке алу.
Конституциялық–құқықтық нормалар өздері реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілей отырып, осы қатынастарға конституциялық сипаттама береді. Өз жиынтығында конституциялық құқықты құрайтын құқықтық нормалар конституциялық–құқықтық нормалар деп аталады.