8-тарау. Бухгалтерлік есеп нысандары


-сурет. Қателерді анықтау және түзету тәсілдері



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі62,56 Kb.
#123881
1   2   3   4
Байланысты:
8-ТАРАУ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЫСАНДАРЫ
Методика 147 каз, уч.практика инф(интернеттегі), @Назар Гүлжан, 2-топ, Алаш (1), 1516183189, kar-eea-0918, академиялык, 5 тапсырма, Тақ. 4. Мәдениет формалары дін, мораль, өнер-конвертирован, 11-1 Зертханалық жұмыс (1), ТАЕЫСУ ПР ОТЧЕТ, grantss, Эссе, БАӨЖ орындау (мысал ретінде) (1)
8.2-сурет. Қателерді анықтау және түзету тәсілдері.
Корректуралық әдіс қателік есеп шоттар қатынас қағаздарына әсер етпейтін немесе ол қателiк байкалғаны мен есептiк жазулардың қорытындысына әсер етпейтін жағдайда қолданылады. Бұл әдістің мәні мынада: қате сөз немесе сома сызып тасталынады да, оның үстiне дұрысы жазылады. Қате жол жіңішке ғана сызықпен, сөз көрініп тұратындай етіліп сызылады. Мұның өзінде қателік бір ғана цифрдан кетсе де бүкіл сан сызылады. Түзетілген қатеге түсінік беріліп, сол құжатка қол қоюшы куәландырады. Түзету туралы ескерту сол беттің ашық тұсына немесе соңына «түзетілді» деп жазылады және мәтiн немесе сома қоса жазылады.
Қосымша жазу әдісі бухгалтерлік жазбада және есептік тіркелімдерде есепшоттар қатынас қағаздары дұрыс көрсетілген, бірақ операция сомасы азайтылып жіберілген жағдайда қолданылады. Мұндай қатені түзету үшін операцияның дұрыс сомасы мен азайтылып жiберiлген санасы арасында айырмашылық ретінде қосымша бухгалтерлік жазба құрылады. Егер, мысалы, есеп беруші адамға кассадан 40 000 теңге берiп, қатеден 10 000 теңге деп жазылса, онда бұл сомалар арасындағы 30 000 теңге айырмашылыққа (40 000 - 10 000) қосымша жазба құру керек.
Егер есептік жазуларда есеп шоттар қатынас кағаздары қате көрсетілсе, онда катенi түзетуге «кызыл сторно» әдiсi колданылады. Бұл әдістің мәні – әуелі қате жазу есеп шоттың сол қатынас қағазында қайталанады, бірақ жазу қызыл сиямен жазылады.
Бұдан кейін есеп шоттар қатынас қағаздары дұрыс жаңа жазу құрылады да, тіркелімдерге кәдімгі сиямен жазылады. Қате жазуды «қызыл сторно» әдісімен түзетудi мына мысалдан көруге болады. Мысалы: ұйымда мынадай операция жасалды: есеп берушi адамға кассадан 40 000 теңге берiлдi. Бухгалтерлік жазба дұрыс құрылмаған, бухгалтер мына жазбаны көрсетсе:
Дт 3350 «Еңбек ақы төлеу бойынша қысқа мерзiмдi берешек» - 40 000.
Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» - 40 000.
Қатені түзету үшiн қате жазылған шот корреспонденциясы қызыл сиямен жазылып немесе кәдімгі сиямен қоршауға алынып кайталанады:
Дт 3350 «Еңбек ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» - 40 000.
Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» - 40 000.
«Қызыл сторно» жазуды пайдалану арқылы қате жазылған шот корреспонденциясы жойылады. Содан кейін кәдімгі сиямен дұрыс жазу орындалуға тиісті.
Дт 1250 «Қызметкерлердiң қыска мерзiмдi дебиторлық берешегі» - 40 000.
Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» - 40 000.
«Қызыл сторно» әдiсi қатені түзету үшін және есеп шоттар қатынас қағаздары бұзылмаған, алайда операция сомасы ұлғайтылып жiберiлген жағдайларда қолданылады. Мұндай катенi түзету үшін операциянын дұрыс сомасы мен ұлғайтылған сомасы арасына айырмашылық үшін екінші сторнолық жазба құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет