8-тарау. Бухгалтерлік есеп нысандары


Бухгалтерлік есеп нысандары: мемориал-ордерлі, Журнал-ордерлі, жеңілдетілген, автоматтандырылған



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі62,56 Kb.
#123881
1   2   3   4
Байланысты:
8-ТАРАУ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЫСАНДАРЫ
Методика 147 каз, уч.практика инф(интернеттегі), @Назар Гүлжан, 2-топ, Алаш (1), 1516183189, kar-eea-0918, академиялык, 5 тапсырма, Тақ. 4. Мәдениет формалары дін, мораль, өнер-конвертирован, 11-1 Зертханалық жұмыс (1), ТАЕЫСУ ПР ОТЧЕТ, grantss, Эссе, БАӨЖ орындау (мысал ретінде) (1)
8.3 Бухгалтерлік есеп нысандары: мемориал-ордерлі, Журнал-ордерлі, жеңілдетілген, автоматтандырылған
Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын есеп тіркелімдерінің құрылымы, олардың өзара байланыстары және тiркелiмдерде шаруашылық операцияларын жазу ретi мен әдiстерi бухгалтерлік есеп нысандарымен айқындалады.
Бухгалтерлік есептің нысаны - есеп үрдісін ұйымдастыруды, шаруашылық операцияларды тіркеудің әдістемесі мен техникасын және синтетикалық, аналитикалық есептердің байланыс көрсететін есептік тіркелімдердің жиынтығы.
Бухгалтерлік есеп нысандарының бірін екіншісінен ажырататын белгілер болып мыналар табылады:
1) қолданылатын есеп тiркелiмдердiң саны, олардың бағыты мен сыртқы түрі;
2) синтетикалық және аналитикалық есептің хронологиялық жүйелік тіркелімдерінің өзара байланысы;
3) eceп тiркелiмдерiне бухгалтерлік жазбаларды түсiру тәсілдері мен бірізділігі;
4) бухгалтерлік есепте компьютерлік құралдарды колдану деңгейі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есеп нысандарын өзінің салалық ерекшелiгi мен қызметiнiн масштабына карай таңдайды. Таңдалып алынған есеп нысаны ұйымнын есеп саясатында көрініс табады.
Қазіргі кезде Қазақстанда бухгалтерлік есептiң төменде келтiрiлген нысандары қолданылады:
1) мемориалдық-ордерлік;
2) журнал-ордерлік;
3) автоматтандырылған;
4) жеңілдетілген.
Бухгалтерлік есептiң барлыұ нысандарында операциялар мен оқиғалардың бухгалтерлік есепке алу жүйесінде көрініс табуы толық қамтылғанын айта кету керек.
Мемориалдық – ордерлік нысан. Бухгалтерлік есеп жүргізудің осы нысаны өте ерте заманда бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесіне енген. Кейбір деректерде оның негізін Лука Пачоли жазып қалдырған делiнген. Яғни, осыған орай бұл нысанды ескi италияндық үлгi деп те атайды.
Ұйымдарда әрбір шаруашылық операциясына (немесе жинақтық құжаттарға біріктірілген операциялар тобына) мемориалдық ордер толтырылады.
Мемориалдык ордердiн басты мазмұны - шот корреспонденциясы оның жасалған мерзiмi және сомасы.
Құрылған мемориал-ордерлер хронологиялық тәртіппен тіркеу журналына жазылады оларға реттік номер тағайындалады.
Шаруашылық операциялары жөніндегі мәліметтер тіркеу журналына жазылғаннан кейiн мемориал-ордерлердiң ақпараттары Бас кітапқа немесе оны алмастыратын көп бағаналы ведомосқа жазылады.
Журнал-ордерлік нысан. Есеп мәліметтері журнал-ордер деп аталатын арнайы тiркелiмдерде жүйеленiп жазылатын бухгалтерлік есеп нысаны. Жүйелеп жазылған тiркелiмдерiнiң негiзiнде кұрылған журнал-ордерлі нысан шаруашылық операцияларын кредиттік айналым түсіру үшін арналған. Көмекші ведомостарда жазулар керiсiнше тиiстi шоттардын дебеті бойынша бір уақытта олармер корреспонденцияланушы шоттардың кредиттік айналымдарын көрсете отырып орындалады.
Журнал-ордердің жиынтық мәліметтерi есептік кезеңнiң аяғында Бас кітапқа көшіріледі.
Бас кітаптың мәліметтері бойынша айналым ведомосы бухгалтерлік баланс жасалынады
ҚР-да 14 журнал-ордер үлгiлерi бекiтiлген. Мысалы, Журнал - ордер 1 касса есебіне, Журнал- Ордер 2 ағымдағы шот бойынша есебін жүргізуге арналған.
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылган нысаны:

  • бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлiк қорытынды есепке дейін кешендiк автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

  • Бухгалтерлік есеп арнайы бағдарламалар бойынша жүргiзiледi, мысалы 1-С бухгалтерия.

Бухгалтерлік есептің жеңілдетілген нысаны шағын бизнес ұйымдарына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге қолдануға рұқсат етілген.
Бастапқы есеп құжаттарындағы мәліметтерді жинақтау, жіктеу және қорытындылау үшін және оларды бухгалтерлік есептiң шоттары мен қаржылық қорытынды есепте көрсету үшін шағын кәсіпкерлік субьектiлерi төмендегі тiркелiмдердi пайдалана алады:

Ұйымдар бухгалтерлік есеп нысандарын өздерi тандайды және Есеп саясатында көрсетеді.

Білімін тексеруге арналган сұрақтар
1) Есеп тiркелiмдерi ұғымын калай түсінесіз?
2) Есеп тiркелiмдерiнiң түрлері мен нысандарын көрсетіңіз.
3) Есеп тiркелiмдерiн толтыру тәртібі.
4) Тiркелiмдердегi кателердi түзету әдістерін атап көрсетiңiз.
5) Корректуралық əдiспен қателердi түзетудiң мағынасы неде?
6) «Кызыл сторно» жазуды пайдалану арқылы қатенi түзетудің мағынасы?
7) Бухгалтерлік есеп нысандары дегенiмiз не?
8) Есеп нысандарының қандай түрлері бар?
9) Мемориалдық ордерлiк нысанның мағынасы неде?
10) Журнал-ордерлiк нысанның түсiнiгi мен пайдалануы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет