85 сұрақ Ет және ет өнімдері. Еттің түрі және құрыслысы


Табиғи уландырғыштар туралы түсініктеме



бет8/14
Дата18.05.2022
өлшемі45,7 Kb.
#143593
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
85-98 сұрақ Мереке

Табиғи уландырғыштар туралы түсініктеме


Микотоксиндер( грекше mukes – саңырауқұлақ және toxicon – у) – бұл микроскопиялық саңырауқұлақттардың екіншілік метаболиті, олар улы қасиеттерге ие. Оларды продуцирлейтін микроорганизмдердің өсуі мен дамуы үшін эссенциалды болып табылмайды.
Қазіргі уақытта жем мен азық – түлік өнімдерінен саңырауқұлақтардың шамамен 250 түрі табылады, олардың көбі жоғарытоксинді метоболит продуцирлейді, сонымен бірге шамамен 120 микотоксин. Биологиялық көзқарас жағынан микотоксиндер микроскопиялық саңырауқұлақтардың зат алмасуында әртүрлі экологиялық жағдайда бәсекелестік және тіршілік үшін күреске бағытталған функцияларды орындайды деп болжайды.
Гигиеналық жағынан – бұлар жем мен азық – түлік өнімдерін ластайтын аса қауіпті улы заттар. Микотоксиндердің жоғары қауіптілігі олардың өте аз мөлшерде улы эффектіге ие болуымен өнімнің ішіне қарқынды диффузиялану қабілетімен сипатталады.
Қазіргі уақытта микотоксиндердің нақты номенклатурасы менклассификациясы қалыптаспаған. Бір жағдайда микотоксиндердің топтық бөліну негізіне олардың химиялық құрылысы алынса, басқаларында әсер ету сипаты, ал үшіншісінде – саңырауқұлақ продуценттердің белгілі бір түрге жатуы алынған.
Тағамдық микробты улануға микотоксикоздар жатады, оларға микроскопиялық саңырауқұлақтар өмірі ауруға ұшыратады. Берілген уландырғыш топтың классикалық мысалына эрготизм жатады. Микроскопиялық саңырауқұлақтар ең алдымен қара бидай, бидайды, арпаны улайды яғни бұл улағыш алколойдты топтарға (эрготамин, эргометрин, эргобазин және т.б.) заттар жатады, бұлар нан пісіргенде өзінің токсикалығын сақтайды және жылылығы тұрақты болады.
Клиникалық эрготизм консультативті түрде, әртүрлі бұлшық ет топтарындағы тырыспа ауруларымен қатар жүріп өте күшті болып табылады. Микроскопиялық саңырауқұлақтарды тудыратын, сонымен қатар физариотоксикоздар тобы, алиментарлы – токсикалық алейкияны тағамнан улану қатарына қосады. Қыстан шыққан астықты қолданғанда, фузаризм тұқымынан пайда болады және зақымданған саңырауқұлақтар тез арада қозғанда өте күшті ауру түрі болып табылады.
Осы берілген негіздерге сүйене отырып орталық нерв жүйесіндегі қанайналым мүшелері қызметінің тез істен шығуы және трофикалық жасушаның бұзылуынан патогендік жағдайы күйзеліске ұшырауы мүмкін. Ауру ағзаның іш жағы (септикалық) ангина және басқа да асқынулар пайда болады.
Негізгі шара болып алиментарлы – токсикалық алейкия болғандықтан, қыстан шыққан астық өнімдерін пайдалануға болмайтындығын тұрғындарға айтып арнайы шаралар жасауымыз қажет. Фузариотоксикоздардың түрлері болып басқа қауіпті – «мас нанмен» улануы, микроскопиялық саңырауқұлақтардың ерекшеліктерінің бірі болып тұқым түрінің негізі болып саналады.
Мұндай нан өнімін қолданған кезде симптоматикалық қоздырғыш, эйфорияларды, қозғалыс координацияларының бұзылуы, ішімдкпен мас болған сияқты белгілерін байқаймыз. Оны ұзақ қолданғанда анемия және психикалық күйзелістілік пайда болады.
Астықты сақтау кезінде ылғал мен көгеруді болдырмау үшін, қатаң профилактикалық іс-шаралар қолдануымыз қажет. Денсаулық сақтау қызметтерінің назарына дәл қазіргі таңда афлатоксиказдар, спецификалық токсиндерден тұратын концерогенді және гепатотроптардың күшті әсер етуінен әртүрлі аурулар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет