8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


Көрнекілік Көтеріліс болған аудандардың карталары. Мақсатты айқындау



Pdf көрінісі
бет68/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Көрнекілік
Көтеріліс болған аудандардың карталары.
Мақсатты айқындау
1868–1869 жылдары болған қазақтардың отарлық езгіге қарсы азаттық 
күресінің себептерін, барысын, салдарларын және басты ерекшеліктерін 
түсіндіру. 
Дамытушылық маңызы.
 Аталған көтерілістер негізінде қазақ халқының 
басқа елдің отаршылдық саясатына ешқашан да бейжай қарамағандығын, 
жергілікті жерде орын алған (Орал, Торғай облыстарында) көтерілістер 
негізінде түсіндіру. Қазіргі қол жеткізген тәуелсіздігіміз халықтың осындай 
азаттық үшін күресінің нәтижесі болып табылатынын оқушыларға ұғындыру. 
Тәрбиелік мақсаты.
Аталған өңірлердегі ұлт-азаттық қозғалыстың қай-
раткер тұлғалар, мысалы, Сырым Датұлының немересі Сейіл Түркебаевтың, 
Әзірген Мұңайтпасұлының, Иса Тілембайұлының, Досан Тәжіұлының 
батырлық тұлғалары негізінде жастарға отансүйгіштік тәрбие беру.
сабақтың деректік материалдары
Мұғалім белгіленген сабақ жоспары негізінде жоғарыдағы жоспарланған 
мәселелерді басшылыққа алып, оқушыларды үш топқа бөліп жұмыс жасауға 
жұмылдырады. Бірінші топ Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістерді си-
паттайтын тезистер жасайды. Екінші топ 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісіне 
байланысты шығарма жазады. Үшінші топ осы екі көтерілістің басты 
ерекшеліктерін тезис түрінде көрсетеді. 


64
сабақ түрі мен әдісі
Аралас, баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпа-
раттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
сабаққа қатысты ескертпелер 
Сабақты өту барысында келесідей басты назарда ұсталатын мәселелер:
1. 1868–1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер дің 
себебептері
2. Көтерілістің барысы.
3. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.
4. Оның барысы.
5. Осы көтерілістердің ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет