Қосымша тапсырма. ”Көшпенділер” фильмін қарап, ондағы Абылай образының тарихилығы
туралы шағарма дайындау.
§13. абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы сабақтың мақсаты: 7.3.1.2. – қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын
талдау.
7.3.2.2. – қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау.
зерттеу сұрағы: Дербес қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның
рөлі қандай?
Оқулық Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы. 46–48 беттер.
Тірек сөздер: Абылай хан, Бұхар жырау, Үмбетей жырау, төлеңгіт.
Ресурстар:
Қазақстан тарихы: көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.3.
– Алматы: Атамұра, 2002. – 247-278 бб.
Тарақ Ә . Абылай хан. – Алматы, 2014.
сабаққа дайындық: Қытайдың басқыншылық саясатына дипломатиялық
жолмен шектеу қойған Абылайдың елдің ішкі мәселелерімен айналысып
Орта жүзде ғана емес, Кіші жүзде де, Ұлы жүзде де ел сыйлайтын ықпалды
тұлғаға айнала бастауының барысы мен оның 1771 жылы үш жүздің ұлы
ханы болып сайлануының тарихи маңызы туралы білім беру.
Абылай ханның қазақ хандығының ішкі бірлігін қайта қалпына келтіру,
қазақ билеушілерінің арасындағы алауыздықты жоюы, біртұтас қазақ
хандығын құруға қол жеткізуі жолындағы тарихи еңбегін сараптау арқылы,
оқушылардың тарихи танымын, тұлғалардың тарихи қызметінің маңызын
бағалау қабілеттерін дамыту.
Абылай ханның біртұтас қазақ хандығын қайта қалпына келтіріп, оның
іргесін нығайту жолындағы еңбегін оқыту арқылы оқушыларды жақсылық
істерге құмар болуға, өнерлі, білімді, еңбекқор болуға баулу, тұлғалар қызметі
арқылы отаншылдыққа тәрбиелу.
сабақтың деректі материалдары: Карта, тарихи суреттер, тарихи құжаттар. сабаққа қатысты әдістемелік нұсқаулық: Сабақты аралас сабақ түрінде
19
ұйымдастыра отырып, жеке және жұптық, топтық жұмыстардың түрлерін
пайдалуға болады.