8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет33/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабақ түрі мен әдісі
Пәнаралық байланыс (Қазақстан тарихы мен Технология пәндері), 
интербелсенділік, танымдық. 
Аралас, мәдени экскурсия. Сауалнама, технологиялық ақпараттылық.
сабаққа қатысты ескертпелер
1. Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшелігі. 
2. Маусымдық киім түрлері. 
3. Бас киімдердің түрлері мен ерекшеліктері. 
Сабақты ұлттық киім үлгілері салынған ұлттық музыка өнерінің туындысы 
жазылып, дыбысталған фонокоментариймен бірге жүріп отыратын фотоклип 
(музыкалы слайд) жасап, көрсете отырып жүргізеді. Ұлттық киім үлгілерін 
ҚР мұражайлары сайтынан, “Қазақ киімі” фотоальбомынан алуға болады. 
Тақырыпқа сәйкес мұғалім қазақтың ұлттық киімдерінің бірін (шапан, кам-


30
зол, бөрік, тақия т.б.) киіп келіп сабақ өткізсе болады. Тақырыпқа мұражай 
қызметкерін көшпелі дәріске шақыруға болады. Кездесу сабақ, дәріс сабақ, 
экскурсия сабақ ретінде өткізуге болады.
Бағалау мүмкіндігі
Оқушылардың білімін тексеруге қойылатын сұрақтар жобасы:
1. Шекпеннің ерекшелігі неде?
2. Сәукеленің ерекшелігі неде?
3. Маусымдық киім түрлері.
Қосымша тапсырма
Ұлттық киімдер туралы деректерді оқып, талдау жасаңыз.
Білімін шыңдауға берілген тесттен 1 қате жауабын тап!
Тапсырма
Сабақтың мәтінін оқып шығып, берілген киім түрлерін жіктеп кестеге 
түсіріңдер.
Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
1. Сырттық киімдерді табыңыз:
А) Көйлек; 
Е) Күпі;
В) Дамбал; 
F) Байпақ;
С) Шекпен; 
G) Мәсі;
Д) Шапан;
H) Саптама.
Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
2. Қазақ ерлер бас киімдерін көрсетіңіз:
А) Желек, орамал; 
Е) Шәлі, жаулық;
В) Тақия, құлақшын;
F) Күлпара, тымақ;
С) Күндік, кимешек; 
G) Бөрік, сәукеле;
Д) Жалбағай, құлақшын; 
H) Қарқара, бүркеніш;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет