8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет35/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Мақсатты айқындау
Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатында алға қойға мақсатының оған 
көрші халықтар үшін аса қауіптілігін Қазақстанның мысалында айқын 
көрсету, Ресей тәрізді үлкен державаның көршісі болу қазіргі саясатта оны-
мен үздіксіз санасуды қажет ететінін оқушыларға түсіндіру. 
Дамытушылық маңызы.
Ресей тәрізді империяның өзіне көрші әлсіз 
халықтарға жасаған отаршылдық қысымы соңғылардың өзіне ұсақтау қорғану 
қабылетін және азаматтарының отаншылдық сезімін үздіксіз көтеруді қажет 
ететіндігін оқушыларға ұғындырып оларды патриотизмге тәрбиелеу. Ресейдің 
қазақ жерін отарлауда әртүрлі әдістерді қолдануы және оның Қазақстанды 
отарлауға алып келгені қазіргі замандағы көрші елдермен қарым-қатынаста 
әрқашан ескерілуі тиіс.
Тәрбиелік маңызы. 
Отаршылдыққа қарсы күрес әрқашан қажет екендігін 
әсіресе Қазақстан үшін отаршылдықтан азат болған қазіргі тәуелсіздіктің 
бағасы мен қадірі жоғары болып табылатынын оқушыларға түсіндіру. 
сабақтың деректік материалдары. 
Оқытушы көрнекілік деректерін пайдалана отырып, отарлау саясаты 
дегеннің не екендігін оқушыларға нақты түсіндіреді, патшалық Ресейдің 
қазақ жерін отарлау мақсатын ашады, оның себептерін көрсетеді. Әсіресе 
жер мәселесіндегі отаршылдық саясатын оның Кіші жүздегі іс-әрекеттері 
негізінде көрсетеді. Сондай-ақ әскери шептерді салу жұмысының шекаралық 
аймақтарда кең қанат жаюы Қазақстанды отарлауға негіз жасағанын нақты 
деректермен баяндап айтады. Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды. 


32
Бірінші топ Ресейдің қазақ жерін отарлауға себеп болған мәселелерді тези-
стер түрінде тізіп жазады. Екінші топ қазақ жерін отарлауға себеп болған 
жер мәселесіндегі саясаттың мәнін ашатын шығарма жазады. Үшінші топ 
патша үкіметінің шекаралық аймақта әскери шепті салуды өркендету саяса-
тын осы әскери шептерді картаға түсіру арқылы көрсетеді. Мұғалім нақты 
деректер негізінде Ресейдің қазақ жерін отарлау үшін әртүрлі әдістерді 
қолданғанын, осы мақсатпен қазақ-орыс сауда байланыстарын нығайтуға бай-
ланысты шараларды қолға алғанын, Сібір, Жайық, Орынбор казак әскерлерін 
ұйымдастырып, қазақтардың жайылымдық жерлерін тартып алғанын, патша 
үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануға шек қоя бастағанын, орыс-казак 
шаруаларын қазақ жеріне қоныстандырудың басталуын деректерге сүйене 
отырып түсінікті де ұғымды тілмен баяндайды. Оқушылар картадан орыс-
қазақ саудасын дамытуға негіз болған орталықтарды көрсетеді; орыс-казак 
шаруалары көптеп қоныстанған аймақтарды картаға белгілейді; жайылымдық 
жерінен айырылған көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар 
мекендейтін өңірлерді сипаттап жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет