8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет43/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабақтың деректік материалдары
Мұғалім патша өкіметінің билік институттарының 1822 жылғы жарлығына 
жүйелі түрде қазақ даласында жүзеге қалай асырғандығын баяндайды, осыған 
байланысты қабылданған жаңа заңның негіздерін түсіндіреді, ол бойын-
ша билер сотының қызметі едәуір қысқартылғанын, отарлаушы округтық 
приказдардың қызметінің кеңейтілгенін баяндайды. Сондай-ақ, ол патша 
өкіметінің жаңа тәртібі бойынша сұлтандар билігінің қалай шектелгенін 
атап көрсетеді.
Оқытушы қазақ даласында хандық биліктің жойылуының алғышарттары 
мен себептерін, осыған бағытталған отаршыл саяси шараларды оқушыларға 
түсінікті тілмен баяндайды. Нақты құжатты пайдалану арқылы “Сібір 
қырғыздары туралы жарғыны” және “Орынбор қырғыздары жөніндегі ережені” 
қазақ даласын отарлаудың негізгі заңдық құжаттары ретінде оқушыларға 
ұғындырады. Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды. Алғашқы топ 
хандық билікті жоюға байланысты Ресейдің саяси шараларын сипаттайтын 
эссе жазады. Екінші топ “Сібір Қырғыздары туралы жарғыны” пайдалана 
отырып, жаңа саяси әкімшілік басқарудың ерекшеліктерін көрсететін тезистер 
жазады. Үшінші топ Кіші жүздегі отаршыл реформаны қамтамасыз еткен 
“Орынбор қырғыздары жөніндегі ереженің” негіздерін тезистерге түсіреді. 
сабақтың түрі мен әдісі
Аралас сабақ. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, 
ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін 
дамыту.
сабаққа қатысты ескертпелер
Келесідей мәселелер басты назарда ұсталады:
1. Хандық биліктің жойылуының алғышарттары


40
2. Хандық билікті жоюға байланысты отаршыл Ресей билігінің саяси 
шаралары 
3. “Сібір Қырғыздары туралы жарғы”, “Орынбор қырғыздары жөніндегі 
ереже”.
4.Кіші жүздегі отаршылдық реформа. «Орынбор қырғыздары жөніндегі 
ереже».
5. Патша үкіметінің 1822 жылғы Жарғысын қазақ жерінде жүзеге асыру 
6. Реформа бойынша бұрынғы дәстүрлі билер сотына өзгерістер енгізу
7. Қазақ даласындағы биліктің жаңа үш сатысы 
8. Патша үкіметінің халық наразылығының алдын алу әрекеті
9. Реформаның отаршылдық салдарлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет