39
қызметі
қалай кеңейтілгенін, сұлтандар билігін шектеу қалай жүзеге
асырылғанын түсіндіру. XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласында
хандық биліктің жойылуының алғышарттарын ашып көрсету. Бұл істе Ре-
сей империясының Қазақстандағы хандық билікті отаршыл саяси әкімшілік
басқарумен ауыстыруға байланысты шараларын түсіндіру.
Дамытушылық маңызы.
Оқушыларға отаршыл Ресейдің қазақ дала-
сындағы хандық билікті жоюға бағытталған саяси-әлеуметтік шараларының
шын мәнінде қазақ халқын ұлттық мемлекеттен айыру және отарлау саясаты
болғанын, мұның өзі қазақ халқын ұзақ уақыт тәуелсіздіктен айырғанын
атап көрсету. Патша өкіметінің отаршылдық
саясатының нақты заңдық
негіздерге сүйене отырып, қазақ даласының бейбіт жолмен отарлауды қалай
жүзеге асырғанын, қазақ қоғамының отаршылдық қамытын қалай кигенін
аңғармай қалғанын көрсету.
Тәрбиелік маңызы.
Қазақ хандығының отаршылдық қысымының
нәтижесінде күшпен жойылуын көрсету арқылы қазіргі тәуелсіз мемлекет-
ке қол жеткізген қазақ халқының тәуелсіздік үшін күрестердегі тарихын
құрметтеуге оқушыларды тәрбиелеу.
Сонымен бірге, отарлаушы елдердің
өздері отарлайтын аймақтарды әртүрлі айла тәсілдермен жүзеге асыратынын
түсіндіре отырып, мемлекет мүддесін қорғау ісі әрбір азаматтың абыройлы
борышы екенін ұғындыру арқылы тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: