8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет82/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Мақсатты айқындау
Ресейдің сауда капиталының Қазақстанның көптеген өңірлеріне ықпалын, 
қазақ-орыс сауда байланыстарының дамуындағы жәрмеңкелердің рөлінің ар-
туын, дала мен қала халқының жаңа нарықтық негізде қатынастар жасауын 
көрсету. 
дамытушылық маңызы. Қазақстандағы жәрмеңкелердіңкейінгі 
замандардағы қазақтарды сауда-саттық жұмысына тартудағы маңызын 
көрсету. Оқушылардың бүгінгі нарықтық қатынастарда орын алып отырған 
базар және жәрмеңкелік сауда-саттықтың табиғатын түсінулеріне көмек 
көрсету.
Тәрбиелік маңызы. Жәрмеңкелерге негізделген сауда ісінің нарықтық 
қатынастарды дамытудағы рөлін айқындау арқылы оқушыларды нарықтық 
қатынастарды құрметтеу сезіміне баулу.
сабақ түрі мен әдісі
аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау
ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін 
дамыту.
сабақтың деректік материалдары
Оқушылар төрт бөлікке бөлініп жұмыс жасайды. Олардың алғашқы тобы 
Қазақстанның шекаралық аймақтарынан Моңғолияға және Қытайға баратын 
сауда жолдарын анықтап, елді-мекендер мен қалаларды картаға түсіреді. 
Оқушылардың екінші тобы шет елмен сауда-саттықта қандай өнімдердің 
тауарға айналғанын жазып шығады. Үшінші топ Қазақстанда ішкі сауданың 
қалай дамығанын көрсететін фактілерді іздестіреді. Ал төртінші топ Қазақстан 
экономикасын дамытуда сыртқы сауданың, нақтырақ айтқанда Монголиямен 
және Қытаймен сауда қатынастарының маңызын көрсететін тезистер жасайды.
сабаққа қатысты ескертпелер
1.Қазақ-орыс сауда байланыстарын дамытудағы жәрмеңкелердің рөлі.
2.Қазақстанда ашылған алғашқы жәрмеңкелер.
3. Банк-ақша қатынастары.
4. Қоянды жәрмеңкесінің пайда болуының себептері.
5. Қоянды жәрмеңкесінің көшпелі және отырықшы халықтарды жақын-
датудағы рөлі. 
6. Жәрмеңкенің далалық өңірдегі сауда-саттықты және экономикалық 
қарым-қатынастарды дамытудағы маңызы. 


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет