Қазақ әдебиетіндегі ұлттық тағамдар және тағам атауларына байланысты мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер



бет1/19
Дата07.02.2022
өлшемі28,81 Kb.
#91242
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
тағам атауларына байланысты мақал-мәтелдер


Қазақ әдебиетіндегі ұлттық тағамдар және тағам атауларына байланысты мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер
Қазақ әдебиетіндегі ұлттық тағамдарға қатысты эпикалық жырларда және жыраулар поэзиясында т.б. әдебиеттегі асыл жауһарлардың көп тұстарында кездеседі. Соның ішінде халықтың қазынасына айналған би, шешендердің жүріп өткен жолдарында қазақ ұлттық тағамына байланысты оны қалай қонаққа тартқан? Сонымен қатар ет тартудағы үлкенге құрмет, кішіге ізетті халқымыздың көреген әдет-ғұрыптарында байқалады. Асты тек қорек ретінде ғана емес оның әдеби және тәрбиелік мәні. Мысалы:
Бірде Төле би жолшыбай Досай байдың ауылына түседі. Досай байдың үйіне түспей, қоңыр төбел тіршілігі бар кедейлеу отбасы жылқышысы Алакөздің үйіне түседі. Ақыры Алакөз жылқышы мың да бір келетін атақты Төле би түсіп жатқандықтан көршілерін қой қарызға алып, соны сойып биді күтеді.
Ет пісіп, кісілердің алдына табақ тартылады. Төле бидің алдына бас қойылыпты. Би «Биссімилла» деп бастың құйқасынан дәм ауыз тиіпті де:
- Алакөз інім, ұлың бар ма?
- Ұлым жоқ, Данагүл деген қызым бар.
- Сол Данагүлді бері шақыршы.
Ошақ басында самаурын қайнатып, шешесіне қолғабыс тигізіп жүрген Данагүл үйіне енеді. Төле би бастың құйқасын қасқалап кеседі де, бір құлағын, тілін, таңдайын алып қызға береді де мынадай тілегін айтады:
-Шырағым, құлақ бергенім – екінің бірі, бас ие бол дегенім. Тіл мен таңдай бергенім – іштегі сырымды айтқызбай тауып отыратын тапқыр, сөзге шешен бол дегенім, - депті.
Қыз: Әмин, - деп бетін сипап шығып кетеді. Ас қайырылып, дастархан жиналады. Енді Төле би іззетті-инабатты көреген Данагүлді келін қылғысы келіп, Алакөзге құда түседі. Осы бір кішкентай эпизодтан қазақ халқының қаншама жыл жоғалтып алған қазақи жол жора, тәрбиелік мәні – сөз ырымдарды қайтадан санамызға жаңғыртып жатырмыз.
Жыраулар поэзиясының бірегей өкілі өжет ақын Махамбет Өтемісұлының «Ерлердің ісі біте ме?» деген өлеңіндегі, «Алты малта ас болмай» деген тармақты талқылап көрсек: Малта кәдімгі құрттан жасалатын тағам. Жаугершілік заманда көшпенділер жолға ыңғайлы неше түрлі тағамның кухниясын меңгерген. Мысалы малтаны жас сәбидің басындай қошқыл-қошқыл құрттарды шағып кішкентай етіп- сосын оны суға немесе сорпаға қайнатып, оны оқтаумен түйді. Ол домалақ-домалақ кішкентай ауызға сыярлықтай көлемді тағамға айналады. Қазіргі ғарыш кемесімен аспанға ұшатын ұшқыштар да дәл осы малта секілді құрттан жасалатын тағамды азық етеді екен.
Қазақтың ұлы ақыны Қасым Аманжоловтың қаһарман батыр Бауыржан Момышұлына арналған өлеңінде:
«Ағамыз атағына асқартау тең,
Жау келсе жаубүйректей етер жәукем.
Емендей ерегісер сұрапылмен,
Басымен бұлтты жайпап біздің Баукең!»- деген жолдар бар. Осындағы «жаубүйрек» қазақтың ұлттық тағамдарының бірі әрі бірегейі. Бұл, әсіресе аңшылар мен саятшылар жасайтын және сүйсініп жейтін тамағы. Салбурында немесе жеке-жеке аңға шығып, қанжығасы қанданған мергендер мен құсбегілер бұйырған арқар, киік, таутеке тағы басқа тұяқты дала жануарларының майлы бүйрегі мен бауырын істікпен отқа қақтап, тұздап дала жуасын қосып жейді. «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» дегендей бұл да ұлттық тағам түрі мен әдісін көрсететін тіршілік көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет