Айран сұрап келіп, шелегіңді жасырма. Айтарыңды ірікпей айт, қаймықпа, тайсалма, жасырма. Не деп көңірсітіп отырсың. Айран сұрап келіп, шелегіңді жасырма. (Т.Аханов).
Айран ішер. Бетке ұстары, дұшпан көзі қылар амалы. Кербездің екі түрлі қылығы болады: Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатырдағының ішін күйдіру. (Абай).
Сорпалығы бар. Орташа еті сорпаға шығар жылтырағы бар жілігі татырлық мал туралы айтылады. Пышақ тигізген жоқ, сорпалық еті бар Көкаяқты әкем көз алдымызда арам өлтірді. (Ж.Жұмақанов).
Достарыңызбен бөлісу: |