Байланысты: тағам атауларына байланысты мақал-мәтелдер
Нан лексемасының этнолингвистикалық сипаты Нан тарихының тамыры сонау ежелгі заманға кетіп жатыр. Алғашқы нанның өсімдігі кәдімгі емен болған. Нан лексемасының “ ұннан пісірілген тағам ” деген мағынасы түркі тілдерінде семантикалық өзгерістерге ұшырайды. Ө збек тілінде нан тек тағам ғана емес, сонымен қатар “ молшылық, азық ” деген мағынада қолданылады Мұндай құбылысты қазақ тілінде де байқауға болады. Реалия ретінде нан сөзі барлық түркі халықтарында кездескенімен, оның атауы әр түрлі болып келеді. азербайжан : чөрәк ; қырғыз : нан, токоч ; татар, башқұрт : икмәк, ипи. Қарашай-малқар тілінде : гыржын “тары, жүгері және арпа ұнынан пісірілген чөрек ”. Оны ыстық күлге көміп пісіреді, бірақ күлге көмбестен бұрын майға қуырып алады екен, күл жабыспасын деп.
Шымкент облысының тұрғындарының тілінде өзбек тілінен немесе өзбек тілі арқылы енген төмендегідей нан тағамдары кездеседі : өтпек “ таба нан ”; інкәл “ еттің наны ”; пәтір “ ашытпай жапқан жұқа нан ” қаттама, зуала, жұқпа және т.б. Ал Тәжікстандағы қазақтардың тілдерінде чөрек “ бауырсақ тәрізді нан ”; тоқаш “ күлше нан ”; пәтір “ ашытпай пісірген нан ”.
Аламыш нан “ жүгері мен бидай ұнынан пісірілген нан ”; қара нан “ сорты нашар ұннан пісірген нан ”; базары нан “ сатуға арнап пісірілген нан ”; жол бауырсақ “ жолға азық ретінде пісірілген нанның түрі ”; түйе бауырсақ “ өте үлкен бауырсақ ”; ши бауырсақ “ қамырды жіңішке етіп кесіп пісірген нанның түрі ” з ағара “тек жүгері ұнынан пісірілген нан ”. В.В.Радловтың сөздігінде заһара “ жүгері ұны және одан пісірілген нан ” делінген. қазанжап // қазанжаппай “ қазанға жапсырып пісірілген нан ”; көмбе // көмбеш // тәпен нан “ табаға пісірілген нанның түрі.
Түркі тілдерінде нан лексемасы үлкен мәнге ие. Мысалы, өзбектерде құдаласу кезінде уәдені нан сындыру ғұрпымен бекітеді. Мағынасы:жастардың өмірі молшылықта болсын деген. Ал қырғыз халықтарында боорсак чачма -жаңа туған нәрестенің бесігіне бауырсақ шашу. Мағынасы:ұзақ өмір және балалы болсын.