Қазақ әдебиетіндегі ұлттық тағамдар және тағам атауларына байланысты мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер


Меңіреу – қой сүтінен жасайтын дәмді қатық түрі. Шалап



бет17/19
Дата07.02.2022
өлшемі28,81 Kb.
#91242
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
тағам атауларына байланысты мақал-мәтелдер

Меңіреу – қой сүтінен жасайтын дәмді қатық түрі.
Шалап – айранға су қосылған сусын.( Батыс Қазақстан облыстарында көбірек таралған )
Тосап – қой сүтіне мамыр айының майын, бал қосып қайнатып, суық тиген адамға берілетін тағам.
Шай лексемасының этнолингвистикалық сипаты
Шай – шөл қандыру үшін ішетін, шайдан дайындайтын сусын. Көптеген ғалымдардың пікірінше, сөздің төркіні қытай тіліне саяды. Реалия ретінде ол ұйғыр тілі арқылы белгілі болды. Оны көбінесе халық медицинасында қолданды. Тек VIII-X ғғ буддизмде киелі сусын ретінде танылып, ол Қытай, Япония, Тибетке кіріп, экспорттық тауарға айналады. Азияның басқа елдеріне ол ең алдымен буддизм тараған аумақтарға, сонан соң ислам мен христиан діндерімен бірге таралады. ХІХ ғасырдың аяғында Ферганада негізінен шайды шәугім, самауырынға қайнатқан. Хорезм, Бухара, Самарқанд сияқты мұнда көк шай өте кең тараған ( кук -чай). Ташкент және оның төңірегінде қара шайды ішу басым болған – кара-чай, чои-си,х, помил ( фомил ) – чай – фамильный ( себебі бұрын пакеттің сыртына шығарушының фамилиясы көрсетілген ). Тек 20 ғасырда ғана шайды түркімендер де іше бастаған. М.С.Бердыев “ бүгінгі күні шай - кез-келген дастархан мәзірінің міндетті атрибуты” – деп көрсетеді.
Буряттардың сүйікті сусыны – зутаран шай. Оған сүт, тұз, май, қойдың майы, ұн қосады. Монғолияда тұратын қазақтардың дастарқан мәзіріндегі шай түрлері : беті бозарған чәй – сүті аз қосылған чәй ; бордақ чәй – талқанға шай құйып, қойылту арқылы жасалатын шай. Кейде борлама чәй деп те аталады ; чөп чәй – шай орнына қолданылатын тамыры жіңішке жапырақты өсімдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет