Қазақ әдебиетіндегі ұлттық тағамдар және тағам атауларына байланысты мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер



бет15/19
Дата07.02.2022
өлшемі28,81 Kb.
#91242
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
тағам атауларына байланысты мақал-мәтелдер

Сірге жияр қымыз – биелерді ағытқаннан кейінгі, ауыл адамдары жиналып ішетін ең соңғы қымыз.
Түнемел қымыз – бір түн асқан қымыз. Оны той- жиынға дайындаған.
Уыз қымыз – биенің уыз сүтінен дайындалған қымыз.
Ысталған қымыз – адыраспан сияқты шөптермен ысталған сабада дайындалған қымыз.
Сүт тағамдары және олардың этнолингвистикалық сипаты
Уыз – жаңадан туған сиырдың алғашқы сүтінен дайындалатын тағам. Ол үшін “ уыз сүтті сүт құйып суытып, тұз салып, қойдың бүйеніне құйып, қайнап жатқан ет сорпасына, салады. Уызды көршілері және туыстарына береді. Ең алдымен одан үй иелері дәм татады, сонан соң қонақтарға береді. Дәм татпас бұрын, қонақтар “ сүт мол болсын ” деген тілек айтады Түркімендерде алғашқы сүттен ( уыздан ) күріш ботқасын дайындаған ( гайнын мусасы ) Ол құрбандық ас болып саналған. Уыз сүтті қайнатқанда оған ағаштың шоғын салған, сонан соң оны көршілеріне таратқан. Бір қызығы, түйенің сүті пісірілмеген, тек уыз сүтті ғана пісірген.
Ұлттық сүт қышқылды сусындар : Украинада – қатық, Ресейде – простакваша мен варенец Арменияда – мацун, Грузияда – мацони Түрікменияда – чал. Солтүстік-шығыс Азияда – құрынғы, Солтүстік Кавказда – айран Қазақстан, Башқұрстан, Татарстанда – қымыз Египетте – лебен Болгария, Грекия, Түркияда – йогурт дайындайды.
Айран – сүттен ұйытылған қышқыл, дәмді тағам. Айран - пісірілген сиыр, қой, ешкі сүтінің жылы кезінде ашытқы (айран, қаймақ ) қосып, ұйытып дайындайтын қышқыл дәмді ақ тағам түрі. Айран әрі сусын орнына да жүреді. Айран - Қазақстанда, Орта Азияда, Қырымда, Кавказда кең тараған тағам түрі. Айранның ел ішінде қатық айран - қой - ешкінің қою айраны, кілегей айран - сиырдың сұйық айраны, қойыртпақ - сүтпен сұйылтқан айран, шалап - айранға су қосып дайындаған сусын сияқты түрлері қолданылады. Қоршаган орта, климат жағдайына қарай айранды дайындаудың тәсілдері әртүрлі : ыстық жерлерде айранды көбіне қойыртпақтап, қоймалжың етіп, шалаптап, піспе етіп ішеді. Піспе деп ашып кеткен айранды торсыққа құйып көп піскендіктен көпіршіп, іртігі тараған айранды айтады. Айран сөзі көптеген түркі тілдерінде тұлғасын өзгертпей қолданылады. Мысалы, қарақалпақ,түрікмен,әзерб- «айран»,моңғол тілдерінде- «айраг,аарг». М.Қашқари сөздігінде «айыр» етістігінен пайда болған туынды сөз деп қарастырады.
Іркіт-құрт қайнату үшін жиналған айран. Бұл түбірі «ірк-арттыру,жинау»деген мағынаны беретін түрік сөзі. Аяғындағы –т етістіктен есім тудыратын жұрнақ. Потаниннің еңбегінде:«иркит-сыворатка,остающаяся после сбивания сливочного масла»деп берілген. Кейбір деректерді «ічдүк-сүт пен қатықтан дайындалған,сүзбеген ұқсайтын тағам» деп көрсетілген. Ал іркілу сөзінің «жиналу,көбею» мағынасы М.Қашғари сөздігінде кездеседі. Мысалы, « Su telim irkildi - көп әсер жиналды». Irkmek сөзі түркі тілінде «көбею,жиналу» деген мағыналарда қолданылған. Өзбек тілінде иркит-кір,таза емес зат,иркит овқат-жағымсыз тамақ деген мағыналарды білідіреді. Іркіт пен ірімшік түбірлес лексемалар.
Құрт – қазақтың ұлттық брендіне айналған ұлттық тағам. Құрт көздің көру процесін жақсартады, жүректің айнуын басады, асқорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Потанин еңбегінде: курт-сушеный полкопченный творг. Құрт лексемасы да ққалп тілінде «құрт-сыр ірімшік»,татар: «корт-сүзбенің бір түрі»,ұйғыр: «курут-кептірілген сүзбе»,әзірб: «гурт-ашыған сүттен сүзілген құрт түрі»,моңғол тілінде «хурут,курут» түрінде берілген. Осыған орай,бұл тұлғаның бастапқы мағынасы «құрғат,құрғату,кептіру» деген мәннен шыққан болар.
Көбік. Қайнап жатқан құрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға қалқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет