Тай қымыз – екі күн ашытқан қымыз.
Татыған қымыз – қатты ашып кеткен қымыз
Тұнба қымыз – түні бойы тұрған қымыз. Ертеңінде оның бетіндегі сарсуын алып ішеді ( емдік қасиеті бар деп есептейді ). Таңертең асқазаны ауырған кісілерге береді, құстырады, асқазанды тазалайды.
Саумал – әлі ашуы жете қоймаған биенің сүті. Оны сабаға салқын ғып құяды. Кейбір түркі халықтары саумалды шайға қосады ондайда, шайдың өңі қызылкүрең тартады. В.Радловтың сөздігінде саумал тек алғашқы қымыз деген мағынада ғана емес, сонымен қатар қымыздың жалпы атауы ретінде де қолданылған. Қазақ дәстүрінде саумалды құдаларға береді, іштерін айдайды.
Сары қымыз – жаздың ортасында дайындалатын майлы қымыз. Қырғыздарда “ қызыл қымыз ” деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |