Бас аманын көкседі(ойлады). Өз басының ғана амандығы үшін қам жеді. Бозбаласы бошалаң, батыры көксер бас аман (Д.Бабатайұлы).
Уыздай жас. Жастық табы бетінде үлбіреген жеткіншек. Қайғыдан ба, арақтан ба?! Екеуі удай мас. Қастарында бір тұтқын қыз – жаға өспірім уыз жас (Ө.Тұрманжанов). Өмір жемісін әлі жөндеп татып та үлгермеген уыздай жас жігіт мүгедек болып қалса ше? («лен.жас»).
Уыз қымыз. Жазғытұрым кездегі алғашқы тәтті қымыз. Ассалаумағалайкум, Тәке,-деді Әлжан. – Әліксәлем. Мал-жан аман ба? Болыс деген анау Жақып сияқты тұздық ет жеп, уыз қымыз ішіп жатпас па жайлауда, - деді. Тәуке (Ғ.Мұстафин).
Уызы арылмаған. Бақ дәулеті үзілмеген. Бұл өзі жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір жақсылық етпеген, басы сәждеге тимеген бір жауыз еді (С.Торайғыров). Он екі баулы өзбекте Әзімбай еді қара көк, арылмаған уызы, Сабада пісер қымызы, Арғы атасы Асылбек, осыншаның біреуін Тал бойына көрмейді деп («Қамбар батыр»).
Достарыңызбен бөлісу: |