4.Бар болып отырған және болуы тиіс. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Адамгершілік — әдептің негізгі мәселесі. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болып шығу.
Моральдың негізгі атқаратын функциясы – адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу, осыны өзгелерге үлгі етіп, келесі ұрпаққа тәжірибе қылып жеткізу. Моральдың қоғамдағы атқаратын қызметі: реттеушілік, танымдық және тәрбиелік қызметтер.
Қоғам дамуы барысында адамгершлік ережелері мен құқықтық ережелер қалыптасқан. Адамгершілік ережелердің құқықтан мәнді айырмашылығы мынада: мораль – жазылмаған қағидалардың жиынтығы, сондықтан ол қоғамдық пікірмен реттеледі. Ал құқықтық ережелер мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылықтар жүйесін құрайды, сондықтан ол мемлекеттің ықпалымен, билік органдарының араласуымен жүзеге асырылады.