Сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынас әдістемесі Сынып жетекшісінің маңызды міндеттерінің бірі- отбасның бірігуіне , нығаюына , ата-аналар мен балалар арасында өзара түсіністік , баланың отбасында дамуы үшін жайлы, қолайлы жағдайды орнатуына орнатуына ықпал ету.
Сынып жетекшісі мен отбасының ынтымақтастығы - бұл ,ең алдымен , баланы отбасында тәрбиелеудің ерекшеліктері мен шарттарын жан-жақты және жүйелі зерделеуді білдіретін мақсатты және ұзақ жұмыстың нәтижесі.
Бұл зерделеудің негізгі аспектілері: -отбасның құрамы, ата-ананың жасы мен мамандығы;
-отбасы өмірінің тұрмыстық және санитарлық –гигиеналық жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі;
-бала тәрбиесіне қатысудағы ата-аналардың белсенділігі
- ата-аналар мен балалардың құндылықты бағдарлары
- баланың күн тәртібін орындауы
-ата-аналар мен балалардың бос уақыты
-отбасында міндеттерді бөлу
- дәстүрлік, отбасылық мерекелер
Егер сынып жетекшісі ата-аналармен жұмыста үйретушілікке жол бермей , олармен ақылдасып , бірге атқаратын қызметтері туралы келіскенде , олардың педпгогикалық білім алу қажеттілігін әдеппен түсіндірген жағдайда педагогтар мен ата-аналардың өзара түсіністігіне қол жеткізуге болады. Ата-аналармен қарым-қатынаста «Сәз қандай ата-анасыз?» , «Қалай болатыны туралы бірге ойланайықшы», «Сіздің пікіріңізді білгім келеді?» сияқты ойлар жиі айтылуы тиіс.
Оқушылардың ата-аналарымен жқмыс жасауда сынып жетекшісі жұмыстың алуан түрлілігін пайдаланады.
Ата-аналар жиналысында оқу жылына сайланатын ата-аналар комитеті мен педпгогтардың өзара қарым-қатынасы ең маңызды орма болып табылады. Ата –аналары аса белсенді және өзара қарым-қатынасқа мүдделі сыныптарда ата-аналар комитетінің қызметін өз тілектері бойынша топтарға біріккен барлық ата-ана кезекпен атқарады.
Сынып жетекшісі мен ата-аналар арасында қарым –қатынаста ең кең тараған форма- ата-аналар жиналысы, соның шешімі баланы отбасында тәрбиелеудің негізгі бағыттарын , отбасы мен мектептің қарым-қатынасын күшейту бойынша сынып жетекшісі мен ата-аналар комитетінің қызметін анықтайды.