Сынып сағаттарын дайындауда және өткізуде түрлі тәсілдер қолданылады: Әңгімелер , газет және журнал материалдарын оқу, соңынан талқылау, мезгілдік басылымдарға шолу жасау
Шақырылған мамандар өткізген дәрістер
Сауалнама және оның нәтижесін талдау
Дөңгелек үстел басындағы сұхбат ,нақты жағдайды талқылау
Өнер туындыларымен танысу, оқушылардың көркем-шығармашылық қызметінің элементтері
Танымал тұлғалар айтқан ойларды одан әрі талқылау үшін сілтеме жасау
«ми шабуыл», шығармашылық топтардағы жұмыс.
Балалар үшін ұжымдық шығармашылық қызмет тәсілдері мен әдістерінің элементтері анағұрлым тиімді және қызық екенін практика көрсетіп отыр.
Балалардың алдында шақырылған қонақтар немесе ата – аналар өнер көрсеткен сынп сағаттарын ерекше атауға болады. Танымал адамдармен болған кездесулер тәрбиеде маңызды рөл атқарады, дегенмен олар балалардың қызығушылығы қанағаттандырылғанда және тәрбиешінің педагогикалық ойлары жүзеге асқанда ғана табысты болмақ.