Стандартты құралдар панелі
Стандартты құралдар панелі Windows операциялық жүйесінің басқа қолданбалы бағдарламаларындағы сияқты жұмыс істейді. Бұнда көшіру, өшіру, жадыға жазу т.с.с. көптеген командалар бар.
Графика панелі
Графика панелі (Toolbox) CorelDRAW-дың графикалық құралдарының жиыны, бұлардың көмегімен CorelDRAW объектілерін құру және редакциялау сияқты процедуралардың көпшілігі орындалады.
Басқа бағдарламаларға ұқсас графика құралдары CorelDRAW-дың көптеген функцияларымен жұмыс істеуге жол ашады. Графика панелі жұмыс алаңының сол жағында орналасқан. (2-сурет).
2-сурет. Құрал саймандар панелі.
Құралдар жұмыс істеу тәртібін таңдауға арналғандықтан, жиі қолданылады. Құралдардың кейбір батырмалары төменгі оң жақ бұрышында үшбұрышпен берілген. Бұл осы батырмамен бір емес бірнеше құралдардың байланысты екендігін көрсетеді. Олардың бәрін көру үшін, батырманы тышқан бағыттауышы арқылы бір рет шерткеннен кейін, тышқан батырмасын басылған қалпында ұстап тұру қажет, сол кезде экранда осы батырмамен байланысты құралдардың бәрі шығады. Әрбір құралға сәйкес өзінің тышқанмен таңдауға арналған формасы бар.
Атрибуттар панелі
Стандартты құралдар панелінен төмен атрибуттар панелі (Property Bar) орналасқан. Оларды кейде қасиеттер панелі деп те атайды. Олардың элементтерінің құрамы таңдалынған объекті түріне байланысты өзгеріп отырады. 3-ші суретте тіктөртбұрыштар үшін атрибуттар панелімен танысуға болады.
3-сурет. Тіктөртбұрыщтар үшін атрибуттар панелі.
Бұл атрибуттар панелінде тіктөртбұрыштың төбелерінің,центрінің координаталары және олардың төбелерін доғалдау мүмкіндіктері т.с.с. батырмалары бар.
Терезенің оң жақ шекарасы бойында түстердің экрандық палитрасы (Color Palette) орналасқан. CorelDRAW терезесінің төменгі шетінде қалып-күй қатары (Status Bar) орналасқан. Бұнда жұмыс істеу барысында, ерекшеленген объект туралы мағұлматтар және бағдарламаның жұмыс істеу тәртібі туралы көптеген қосымша ақпараттар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |