9 декабря 2016 года астана 2016



бет20/34
Дата31.12.2019
өлшемі8,51 Mb.
#54337
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Бір ел. Бір тағдыр. Бір Отан. Елордада Елбасының қатысуымен «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» деп аталған Қазақстан халқы Ассамблеясының фестивалі өтті. Елдің барлық өңіріндегі этномәдени бірлестіктердің 10 мыңнан астам өкілі Астанаға ат арылтып жеткен. Салтанатты шараны Нұрсұлтан Назарбаев ашып, жиналғандарға жүрек жарды тілегін жеткізді.
Елордадағы ең үлкен спорт кешені бүгін халыққа лық толы. 10 мың адам. Тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халықтың ұраны да бір. «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылдығы» деп айдар таққан фестиваль сүттей ұйыған берекелі еліміздің бірлігін кезекті рет паш етті. Бүгінде Қазақстанның әр өңірінде жалпы саны бір мыңнан астам түрлі этнос орталықтары бар. Бір шаңырақ астында тоғысқан тағдырлар түрлі тауқыметті көрсе де сыйластықтарына сызат түспеген. Нұрсұлтан Назарбаев мына алмағайып заманда тыныштық пен тұрақтылыққа жетер байлық жоқ екенін жеткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Баршамызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған бүгінгі форумның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін осы аренаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, барлық өңірлерінен этномәдени бірлестіктері жүрегінде патриоттық сезімі, бойында жастық қуаты тасыған жастар жиналып отыр. Тәуелсіздіктің ең басты тірегі бейбітшілік пен келісім, тыныштық пен тұрақтылық, осының арқасында 25 жылда мемлекет құрдық, деңгейін көтердік, халықтың әл-ауқатын жоғарылаттық. Ал Ассамблея осы қасиетті тірегіміздің мызғымас тұғыры. Біздің тілегіміз бір, жүрегіміз бір, білегіміз бір. Біздің тағдырымыз ортақ, Отанымыз ортақ. «Мәңгілік еліміздің» гүлдене беруіне бәріміз бірге еңбек етеміз. Осы жолда зор табыс тілеймін.
Рас, діні мен діліне, түрі мен түсіне қарап бөлінбеген Қазақстан халқы Ассамблеясының шоқтығы биік. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатқан қазақ еліне бүгінде қызыға да, қызғана да қарайтындар көп. Оған жаһандағы жантүршігерлік оқиғалар дәлел.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Казахстанцы единой семьей вносят свой труд, вкладывают душу и саму судьбу в процветание нашей Родины. И в этом велика роль и заслуга Ассамблеи народа Казахстана. За эти годы АНК по-настоящему сблизила людей разных этносов и религий между собой, показала все лучшее, что есть в каждой культуре. Мы стали ближе друг к другу и стали единым народом, живущим в едином доме, в нашей стране.
Нұрсұлтан Назарбаев 130-дан астам этнос өкілдері қай мерекені болсын жаппай халықпен мерекелейтінін тілге тиек етті. Өзге ұлт өкілдерін өзектен теппей, керісінше келісімде өмір сүруіне барлық жағдай жасалғандықтан қазақстандықтар еш алаңсыз өмір сүріп келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мир, согласие, стабильность – наше золотое достояние, и это главное сокровище всех 25 лет независимости. Государство постоянно и широко поддерживает все этнокультурные объединения, финансирует школы, обучает родному языку. Наши газеты и журналы говорят на 15, театры на 7 языках. В Казахстане это настоящая реальность, чего нет в других странах.
Нұрсұлтан Назарбаев дүйім жұртты тағы бір жағымды жаңалығымен қуантты. Елбасы еліміздің үш бірдей театрына академия мәртебесін берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сегодня на этом фестивале я объявляю о своем решении присвоить трем национальным театрам — корейскому, немецкому и уйгурскому — статус академических театров страны. Поздравляю коллективы с этим замечательным событием. Желаю больших творческих успехов.
Қазақ жалғыз шауып бәйге алған жоқ. 25 жылдағы толағай жетістіктердің кемелденуінде өзіміздегі талай ұлттың үлесі бар. Ендеше көп этнос көрігіміз емей немене?
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мы всегда говорим, что у нас одна страна и одна судьба. Это на самом деле так. Наш путь – это путь единства всей нации. Я еще раз поздравляю всех вас с наступающим 25-летним юбилеем нашей независимости. Желаю вам благополучия, здоровья, достижений всех ваших благородных целей, добрых дел во славу Отчизны. Пусть всегда будет процветающей наша родина – Республика Казахстан. С праздником вас, друзья!
Қазақ талай ұлттың баласын бауырына басты. Жетімін жебеп, жесірін жылатпады. Кезінде сырттан босып келгендер бүгін еліміздің тұрғыны. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтар. Киелі жеріміздің топырағынан нəр алған текті ұрпақ бүгінде əлемнің əр қиырында жүр. Солардың бірқатары бүгінгі шараға арнайы келді. Араларында Ингушетияның алғашқы президенті де бар.
Руслан Аушев, Ингушетия Песпубликасының тұңғыш президенті:

- Сол қиын қыстау жылдары бауырлас Қазақстан халқы бізді өз бауырына басып алды. Оны біз ешқашан ұмытпаймыз. Әрдайым балаларымызға, немерелерімізге айтып жүреміз. Қазақстан біз үшін Атамекенге айналды. Қазір Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі.
Дүйім жұрттың басын қосқан берекелі жиында Мемлекет басшысына Қазақстан xалқы Ассамблеясының меценаттары да таныстырылды. Бір ғана мысал. «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында 595000 адамға 6 млрд теңгеден астам көмек көрсетілген. Игі бастаманың игілігін көрген ата-аналар да ағынан жарылып, Елбасының өлшеусіз еңбегіне ізгі лебіздерін білдірсе, меценаттар қамқорлық көрсетуде тарылып қалмайтындықтарын жеткізді.
Айнаш Сағындықова:

- Біздің Қазақстан мейірімділік пен жақсылықтың мекені. Менің ұлым – Әлиасқар анасының дауысын, өзін қоршаған әлемнің дыбысын естімейді. Балама тек қымбат есту аппараты көмектесе алады. Бар үміт осы құрылғыда. Оны сатып алуға Ассамблея қолдау көрсетті. Бүгін осы сахнада тұрған жүрегі жылы кісілер көмектесті. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің арқаңызда 195 отбасы баласының денсаулығын түзей алды.
Бекзат Алтынбеков, меценат:

- Осындай игілікті істердің арқасында қаншама жанның үміті жанып, еліміздің жерімізге деген перзенттік ықыласы артып отыр. Ұлтына қарамастан, Ұлы даланың мұраттарына, заңдарына ақ ниетпен қабылдап, қайырымдылықпен мұрат еткен барша азаматтардың атынан бүгін қайырымдылық Елбасыға алғысымызды білдіргіміз келеді.
Тəуелсіздіктің ширек ғасырлық тойы өткенге салауат айтып, ертеңге бағыт бағдар құру. Жоғымызды түгендеп, барымызды ардақтау. Бағалайтын қазынамыз жоқ емес. Бұл ең алдымен елдігіміз бен еркіндігіміз. Одан қалды бейбіт күндеріміз. Бүлінген жұртта бүгінде дау бөлек, бейбіт елде сəн бөлек. Қазақтың басты байлығы бауырына басқан ұлттардың бірлігінде. Мұны мұндағылар жақсы біледі. Сол себепті де ерекше көңіл-күйге бөленген қазақстандықтар көк байрағымыздың көкте мәңгілік желбіреуіне тілектес екендіктерін айтып тарқасты.
Н.Назарбаев: Мир, согласие, стабильность – наше золотое достояние

http://24.kz/ru/news/top-news/item/152844-n-nazarbaev-mir-soglasie-stabilnost-nashe-zolotoe-dostoyanie



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет