9 дәріс. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан»



бет2/7
Дата30.11.2022
өлшемі39,28 Kb.
#160480
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9 дәріс-2023

Оның бағыты:
1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату.
2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: Біреулер «түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе» болып табылады, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдады, енді басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен «өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсын» және т. б. деп санады.
Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. Смағұл Садуақасов пен Жалау Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер « ұлыдержавалық шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп, теориядағы субективизм мен практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды. «Сәдуақасовшылдық» - қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) ұстанған ұлттық позицияға байланысты «партияға қарсы» деп танылған. Қазақстандағы большевиктік шолақ белсенділердің ойлап шығарған ағымы. Басшы қызметте өзіндік пікірі бар, ерекше талантымен ерекшеленген адамдарды жала жауып қуғындап, өзінің жеке дара билігін орнату мақсатында Ф.И.Голощекин осы «Сәдуақасовшылдыққа» және тағы басқа «шылдықтарға» саяси астар беріп, өз пайдасына шебер пайдалана білді. Ұзақ уақыт бойы С.Садуақасов есіміне алашорда ұлшылдары тобына жақын оңшыл оппортунистік идеяны уағыздаушы, Коммунистік партия ішіндегі буржуазия тыңшысы, жеке меншік пен байдың мүддесін көздеуші, партияның жерге орналастыру, байларды тәркілеу, ұжымдастыру мен индустрияландыруларына қарсы болды деген негізсіз айыптаулар тақты.
. Қазақстандағы идеологияның тұтқасын ұстау 25 жасар жас жігіт С.Садуақасовқа тапсырылған еді. Жас болса да халықтың сауатын ашуда біршама табысты істер жасап үлгерген С.Садуақасов Голощекиннің саясатына қарсы бағыт ұстанды. Бұл жерде оның ұстанған бағыты саяси бәсекелестік немесе қызметке таласушылық емес еді. Керісінше өз ұлтының тағдырына жаны ашыған, қызыл империяның әділетсіз үстемдік саясатына наразылық болатын бұл. Николай патшаның жанұясын түгелімен атып бедел жинаған партияның мақтанышы саналған Голощеикнге ешкім қарсы келмеуі тиіс деп саналатын. Әрине мұндай озбырлыққа барған қаныпезер кісіге қазақ ауылында азамат соғысын қйымдастыру түкке тұрмайтын. Ж.Мыңбаев, С.Садуақасов мынды азаматтар бірінші кезекке ұлттық мүддені қойып, осы үшін күресті. Қызмет мәселесі бұларда ұлттық мүддеден жоғары тұрған емес. Қазақ зиялыларының арасында қыңыр жақтығымен көзге түскен Ф.И.Голощекин С.Садуақасов жөнінде «Мен ауылда «Кіші қазан» жасау керек деймін, ал ол кез-келген «Қазанға» қарсы. Мен ауыл төңкерісі өзгеше тәсіл тілейді деп тұжырым жасасам, жолдас Сәдуақасов мұны жоққа шығарады. Біз ауылдағы азамат соғысына қарсы емеспіз, жолдас Сәдуақасов мұндай азамат соғысына түбегейлі қарсы. Біздің өзара келісе алмауымыздың мәні осы», - деп жазды. С.Садуақасовқа енді Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелерін, Голощекиннің «Кіші қазан» идеясын жұртқа таныстыру және оның дұрыс емес екенін дәлелдеу үшін өзі басқарып отырған «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан» журналы қолайлы тірек болды. Қазақ автономиялы республикасының 1925 жылы 5-19 сәуір аралығында өткен V съезі С.Садуақасовты халық ағарту комиссары етіп бекітті.
Соған қарамастан оларды кез-келген уақытта қуғын-сүргінге ұшырату үшін «бұлтартпас» дәлел іздестірілді. Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшысы болып келген Ф.Голощекиннің жергілікті ұлт кадрларына «жанашырлығы» өлкелік Комитетінің екінші хатшысы С.Қожановты қызметтен қууынан көрінді. Келесі қазақ ұлтының көрнекті қайраткері Сұлтанбек Қожановқа «Қожановшылдық» атауы берілді. С.Қожанов 1925 жылы республикамыздың ұлттық-территориялық жағынан межеленгенге дейін де бірқатар жауапты қызметтер атқарып, Түркістан республикасының ішкі істер халық комиссары, Ағарту Халық комиссары, «Ақжол» газетінің редакторы қызметінде болды. Түркістан Кеңестері мен Түркістан Коммунистік партиясының барлық съезідеріне, РК(б)П-ның Х және ХІІ съездеріне делегат болып, қай мінберден де ойлы ұсыныстарымен, қай істе де ұйымдастырушылық қабілетімен көрінді. Астананы Ақмешітке көшіруде үлкен еңбек сіңірді
Сөйтіп идеология саласында – тоталитаризмді орнықтыру, басқаруды жаппай әміршіл-әкімшілдік жүйеге көшіру, кезінде ұлтшыл жіктерді, «құпия зиянкестік ұйымдарды» әшкерелеу сияқтыжелеулермен ұлттық идеологияның тамырына балта шабу, халықтың еркіндігін басып-жаншу саясаты жүргізіп жатты. 1920 жылдардағы ірі саяси тұлғалардың бірі Сейтқали Меңдешев те осындай негізсіз айыптау құрбанына айналды. 1920-1925 жылдары Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы болған оның есімі Ф.Голощекин билігі тұсынан бері «меңдешевшілдік» деген «жікпен» байланысты айыпталып келді. Ф.Голощекин оны «солшылдардың көсемі» деп санады. Сондықтан да 1929 жылға дейін «меңдешевшілдікті» айыптау белсенді көріне қоймады. 1925-1928 жылдары партия ішіндегі басты қауіп «оңшыл» ағым деп орталықта Бухаринге, Қазақстанда С.Садуақасов пен С.Қожановқа Ж.Мыңбаевқа қарсы науқан қызу жүрген болатын.
Ф.Голощекин өзі айтып отырғандай, Меңдешевтің партия ішінде арнайы жік жасағанына дәлел болатын бағдарламасы немесе басқа құжаттар жоқ. Сондықтан да, «меңдешевшілдік» деген жік болған емес деп анық айту қажет. С.Меңдешев шекара белгілеу, Астрахань, Сібір төңкеріс комитеті қол астындағы жерлерді қайтару, автономия жариялау сияқты маңызды мәселелерді шешуде игілікті істер атқарды. Алайда, ел басқару қызметінде жүрген С.Меңдешев, таптық көзқарасты бірінші орынға қойды. Сталин және оның Қазақстандағы қолшоқпары Голощекин сияқты партия функционерлерінің ұстанған саясаты нәтижесінде қалыптасып келе жатқан бірпартиялық әміршіл жүйе қазақ халқын үлкен апатқа әкелетінін О.Исаев, Ғ.Тоғжанов, І.Құрамысов, Е.Ерназаров және тағы басқа қайраткерлер тәрізді С.Меңдешев те алдын-ала болжай алмады.
Ж.Мыңбаев Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметін атқарып отырғанда осы ұлттық тіліміздің қазіргі өткір проблемасын сол тұста-ақ жолға қоюға тырысты. Қаулының іске асуын қадағалаған ол оны дамытуға да күш салды. Оған дәлел 1926 жылғы қарашада шыққан «Советская степь» газетінде Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің 1926-27 жылдарға арнап мемлекеттік аппаратты қазақыландырып, европалықтарға ұлттық тілді үйретуге арналған жоспары жасалынған. Онда барлық қызметкерлер қазақ тілін еркін меңгеріп, сонымен бірге іс-қағаздарын осы ұлттық тілде жүргізулері тиістігі атап көрсетілді. Бұл жоспардың бірінші кезеңі деп есептелініп, оның орындалуы қысқа уақытқа осы жылдың қарашасының аяғына дейінгі кезеңге белгіленді. Ж.Мыңбаев жазу машинкаларын қазақшаға дайындатуға өзгертуді міндеттеді. Европалықтарға қазақ тілін үйренуге байланысты оқулықтар шығару ісін, қысқаша курстар ашуды қолға алуды халық ағарту комиссариатына тапсырды. Мұның да орындалу мерзімі нақты көрсетіліп, 1927 жылдың қаңтар айына дейінгі кезең көрсетілген. Сонымен қатар Ж.Мыңбаев мемлекеттік тілді сақтау ережесін бұзғандарды заңмен жазалауды да есте ұстады.
«Оңшыл» «ұлтшыл-ауытқушыларға» жатқызған С.Садуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев және т.б. Ф.Голощекиннен ұлт, жер мәселелеріне, қазақ ауылдарын социалистік негізде қайта құру, мемлекеттік және партиялық аппаратты жергіліктендіру, отырықшылыққа көшу сияқты маңызды мәселелерде келіспей өз ойларын басып айта алды. Олардың ұлттық мүддені қорғауға бағытталған табиғи әрекеттері сондықтан да Ф.Голощекин тарапынан «ұлтшылдық» есебінде сипатталды. С.Қожанов Өлкелік Комитеттің бұрынғы хатшысы В.Нанейшвилидің кезінде Халық арасында үлкен беделге ие болған кісі еді. Сол тұста екінші басшы атанған С.Қожанов жас та болса В.И.Ленинмен, В.В.Куйбышевпен, С.М.Кировпен жүздесіп, қазақ халқының аяулы ұлдары Т.Рысқұловпен, Н.Төреқұловпен т.б. пікірлескен еді. Кейін В.Нанейшвили КСРО Халық Сауда Комиссриатына қызмет ауыстырғаннан кейін, кешегі атағы жер жарған С.Қожановқа ешбір жөнді қызмет ұсынылмады. Өйткені ол Голощекинмен саяси-әлеуметтік мәселелерде ымыраға келе қоймады. Голощекиннің Қазақстанға жіберілуі де кездейсоқ емес-ті. Оның бірінші басшылыққа кандидатурасы бірқатар факторлармен ерекшеленді. Ф.Голощекиннің ойынша «С.Қожанов, С.Сдауқасов, Ж.Мыңбаев тобы партияға қарсы ең қауіпті топ» болып саналды. Осыған орай 1925 жылы С.Қожанов Мәскеудегі БК(б)П Орталық Комитетінің аппаратына Ұлтреспубликалары мен облыстары бойынша жауапты нұсқаушы ретінде жаңа қызметке жіберілді, яғни оны әдейі Қазақстаннан алып кетті.
Әрине, Ф.Голощекин істің түйіні Қожановты «қуып жіберумен» бітпейтінін түсінді. Қазақ республикасының басшылығында отырған Ж.Мыңбаев пен С.Садуақасовтың да қызмет мәселелерін шешіп алу да оның жоспарында тұрды. Смағұл Садуақасовтың Ф.И.Голощекиннің «Кіші қазан» идеясына қарсылығы (dereksiz.org)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет