Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру
Жаңа экономикалық саясаттың мерзімінен бүрын аяқталуы Қазақстан ауыл шаруашылығына да ез зардабын тигізіп, кооперативтік қозғалыс енді күштеп үйымдастырумен алмастырылды. Коммунистік партияның 1927 ж. желтоқсанда өткен XV съезі ауыл шаруашылығын үжымдастыруға бағыт берді. «Бай-кулактарды кәмпескелеу туралы» 1928 жылы 28 тамыздағы қаулы күштеп тәркілеуге ұласып, совет өкіметі ірі байлармен қатар орта шаруалардың малын да зорлықпен тартып алды.
Бұл советтік саяси науқан «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» дейтін ұранмен жүзеге асты. 1929 жылы Қазақстандағы мал басы 40 миллион болса, 1933 жылы 4 миллионға зорға жетті.
Ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 мыңдықшылар деп аталған 1204 "ұжымдастырушы" Мәскеу, Ленинград сиқты орталықтардан жіберілді.Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады.1928–1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы: республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы,1930 жылы сәуірде 56,4%-ы,1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды.Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931–1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауданының халқына 297000 малға салық салынды,. Торғайдағы 1 млн. малдың 98 мыңы ғана қалды.Кулактарды жою ісі қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей шаруаларға да зорлық жасады.
Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы
1929–1931 жылдары Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды.
Ірі көлемде шаруалар қозғалысы өткен жерлер:
1929 жылы 29 қыркүйек – Бостандық,
1929 жылы 1 қараша – Батпаққара (Қостанай),
1930 жылы 2 ақпан – Созақ,
1930 жылы 25 ақпан – Ырғыз,
1930 жылы 26 наурыз – Сарқанда т. б. «Кіші Октябрь» төңкерісін жасамақ болған Филипп Голощекиннің жосықсыз саясатына қарсы жергілікті халық талай рет бас көтерді. Кейбір дереккөздер мұндай көтерілістер мен толқулар Қазақстанның түкпір-түкпірінде бас-аяғы 372 рет болғанын көрсетеді. Кез-келген толқу күшпен басылып, қатаң жазаға тартылды.
Нәтижесі
Күштеп үйымдастыру салдарынан 1931-1932 жж. аштық кеңінен етек алды. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1 млн. 750 мың қазақ қазаға үшырады. Бір миллионнан астам қазақтар республикадан тыс жерге көшіп кетті. Қазақтардың бүрынғы саны 40 жылдай уақыт өткен соң, 1969 ж. ғана қалпына келді.
Ұжымдастыру зардабы
1929–1933 жылдар аралығында Қазақстандағы біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) 3386 адамды ату, 13151 адамды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Көптеген адамдар өздерінің малдарынан айырылды.
1926 жылғы КСРО санағы бойынша Қазақстанда 6 198 467 адам тіркелген. Оның ішінде қазақтар – 3 627 612. 1897 жылғымен салыстырғанда небәрі 11 мыңға ғана өсіп, үлесі 58,5%-ға дейін төмендеді.
Достарыңызбен бөлісу: |