9 дәріс. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан»



бет4/7
Дата30.11.2022
өлшемі39,28 Kb.
#160480
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9 дәріс-2023

1929-1933. Үшінші ашаршылық


Себебі – Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою. Көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын тіршілік көзінен айырып, жаппай және күшпен отырықшыландыру науқаны. Ауыл шаруашылығы өнімдерін толықтай орталыққа тасып әкету. Еш негізсіз және қасақана салықтарды салу. Соттау мен қудалау. Босып кеткендер: 1930-1931 жылдар аралығында 1 млн 70 мың адам Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып оралған жоқ. 414 мыңы кейін елге оралды.
Өлгендер: Ресми халық санағы мен түрлі мұрағаттардың, құпиялығы жария болған мәліметтер бойынша 1930-1933 жылдары 2,4 млн. адам аштықтан қырылды. Мысалы, Сара Камерон – 1,8 млн., Тарихшы Бүркіт Аяған: "1932-1933 жылдары 2,3 млн. адам құрбан болды" – дейді.
1930 жылы – 313 мың адам;
1931 жылы – 755 мың адам;
1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды.
Мысалы, Актөбе облысында 1930 жылы 1 млн 12 500 адам болса, 1932 жылы 725 800 адамға кеміген (71%). Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса, 1932 жылы 36 мыңы қырылып, 12 мыңы баска аймақтарға көшіп кетті.
Қазақстан Халық шаруашылығы есебі басқармасының мәліметтерін зерттеген тарихшы Клара Саркенованың келтірген деректері туралы жазғанбыз.
Соттау мен сүргін. Байларды жою науқаны жаппай ашаршылық пен репрессияға әкелді. 1929 жылдан 1933 жылға дейін Қаз АСР-дағы ОГПУ тобы толық емес мәліметтерге сәйкес, 9805 іс қаралды және 22 933 адамға қатысты шешімдер қабылданды, оның ішінде 3386 адам өлім жазасына кесілді, 13 151 лагерьге сотталды.
Ауыл тұрғындарынан 56 498 адам әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 34 121 адам сотталды. 1928 жылдың 1 қазанынан бастап 1929 жылғы 1 желтоқсанға дейін 125 адам өлім жазасына кесілді, ГПУ желісі бойынша – 152 адам атылды.
Малдан айыру. 1932 жылдың ақпан айына дейін Қазақстандағы колхоздардың 87%-ы және жекелердің 51,8%-ы малынан айырылды.
Мәселен, 1928 жылы республикада 6 509 000 бас ірі қара мал болса, 1932 жылы оның 965 мыңы, 18 566 000 қойдан 1 386 000 ғана қалды. 1928 жылдан бастап 1941 жылға дейін 3 516 000 жылқыдан 885 000 бас, 1 042 000 бас түйеден 1935 жылға қарай 63 000 бас қалған.
1933 жылдың басында қазақ даласында бұрын болған 40,5 миллион бас малдан әрең 4,5 миллион бас мал қалған.
1932 жылы РСФСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген Т. Рысқұлов Сталинге бірнеше мәрте: "... Балқаш ауданындағы (жергілікті ОГПУ деректері бойынша) 60 мың адамның 12 мыңы көшіп кетсе, 30 мың адам өлген. ... 1932 жылдың мамырында Қарқаралы ауданында 50,4 мың адам болса, ал қарашада 15,9 мың адам қалғанын" мәлімдеген.
1932 жылы тамызда ҚАССР Халық комиссарлар кеңесінің төрайымы У.Исаева Сталинге: "1929 жылымен салыстырғанда бір қатар қазақ қоныстанған өңірлердегі халықтың жартысы жоқ. Өңірдегі шаруашылықтырдың мөлшері 1931 жылға салыстырғанда 23-25%-ға төмендеген" – деп жазған.
Тарихшы А.Н.Алексеенконың айтуынша "...әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде 1930 жылғы қазақ халқының қырылуы 1 млн 840 мың адам немесе жалпы қазақтың 47,3 пайызын құрайды.

  • Шығыс Қазақстанда 379,4 мың адам өлген немесе1930 жылғы халықтың 64,5 пайызынан,

  • Солтүстік Қазақстан аймағы қазақтардың жартысының көбінен – 410,1 мыңнан немесе 52,3 пайызынан,

  • Батыс Қазақстан 394,7 мың немесе 45,0 пайызынан,

  • Оңтүстік – 632,7 немесе 42,9 пайыз қазақтан,

  • Орталық Қазақстанда – 22,5 мың немесе осы аймақтың 15,6 пайызынан айырылды.

  • Басқа халықтарда да шығын аз болған жоқ: украиндер – 200 мың (23 пайыз), өзбектер – 125 мың (54 пайыз), ұйғырлар – 27 мың (43 пайыз)".

Мемлекеттік саясат басқармасының (ОГПУ) бір естелігінде: "1932 жылы 1 сәуірден бастап 25 шілдеге дейін Атбасарда 111 адамның өлімі тіркелгені айтылған. Оның 43-і шілде айында өлген. 5 адам адам етін жеген" – деп көрсетілген.

  • Бірінші – Бұл есеп әр дәуірдегі зерттеушілер мен мемлекеттік санақтың және жария етілген құпия құжаттардың мәліметтері бойынша жасалды. Әлі де ашылмай жатқан құпия деректер бар.

  • Екінші – Ресей Империясы мен Кеңес Одағының алғашқы жылдарында кезінде қазақтар "әскерге әкетуден сақтану", "салықтан жасырыну" және "қазақ баласының санын айтпайтын" салты негізінде жасырып, барынша төмен көрсетті.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет