11.Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды қиындықтарды жеңу қабілетін қалыптастыру әдістері
Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекеттерге арналған кеңістікті ашу, онда балалардың өздері әрекет ету мүмкіндігімен және вариативтілігімен ерекшеленетін дамытушы орта құру өте маңызды рөл атқарады. Ересек топтағы заттық-дамытушы орта балалардың бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасын дамытуын қамтамасыз етуге бейімделіп жасалуы керек. Ол балалардың дене дамуына, әлеуметтік, эстетикалық және танымдық дамуына ықпал етуі керек және ыңғайлы болуы керек.
Топта еңбек әрекетінің әртүрлі түрлерін жүргізуге қолайлы жағдай жасалуы керек. Өзіне-өзі қызмет ету еңбек әрекеті біртіндеп балалардың қажеттілігіне айналуы тиіс. Тұрмыстық-шаруашылық еңбек пен табиғат аясындағы еңбек түрлерін жеке және ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрінде ұйымдастырылады.
Тәрбиеші келесідей ережелерді ұстанады: алғашқы қиындықтардың өзінде-ақ балаға көмек көрсетуге асығудың қажеті жоқ, оның орнына өз бетімен шешім қабылдауға итермелеу пайдалы, егер көмексіз болмайтын жағдайда бұл көмек алдымен мардымсыз болуы керек, бірақ бәрінен бұрын кеңес, жетекші сұрақтар беру, балада бар іс-тәжірибені белсендіру керек.
Жыл соңында балаларда болашақ мектеп оқушысы ретінде пайдалы әрекеттер түрлері: экспериментті-зерттеу әрекеттеріне, үстел ойындарын ойнауға, түрлі суреттерді қарап, суретті ойындардағы тапсырмаларды орындауға, кітапшаларды қолдан жасауға, құрастыру мен мүсіндеуге деген қызығушылық тәрбиеленуі қажет.
Ересек жастағы балаларды ойдағыдай дамыту мен тәрбиелеудің қажетті шарты педагог пен ата-аналардың ынтымақтастығы болып табылады. Тәрбие мен оқыту мәселелерін бірігіп шешу мақсатында отбасылармен сенімді қарым-қатынас орнату маңызды.
12. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда ұжымда жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру тәсілдері
Ересек жастағы балаларды шамасы жететін еңбек міндеттерін жүйелі орындауға қажеттілікті және бірлесіп еңбек ету біліктерін тәрбиелеу.Ересек топта өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады. Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуіне басшылық етудегі басты тәсілдің бірі-бақылау болып болып табылады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетудің еңбек әрекеттері ұқыпты орындалмаса, жағымсыз нәтиже беруі мүмкіндігін (пальтоның түймесін салмасаң- тоңасың, аяқ киімді тазаламаса-лас болып көрінеді, қолыңды тазалап жумаса- орамал ластанады) түсіну үшін, дағдыларды саналы түрде қолдануына ерекше көңіл бөлу керек.
Өзіне-өзі қызмет көрсету барысында балаларда адамгершілік сезімдерді және оңтайлы өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, мейірімділікті, елгезектілікті, бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу жалғастырылады. Тәрбиеші үнемі балалардың алдында бір-біріне қамқорлық көрсеткен, мейірімділік танытқан балаларды басқаларға үлгі ретінде айтып отырады.
Тұрмыстық-шаруашылық еңбегі
Ересек топта тұрмыстық-шаруашылық еңбектің мазмұны кеңейтіледі. Ұжымдық еңбек әрекетін ұйымдастыру дағдыларын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет. Балаларды тапсырманы тыңдауға, жұмыс жоспарын ойластыруға, оның орындалуына барлық қажетті құралдарды дайындауға, алаңдамауға, басқалардың еңбек етуіне кедергі келтірмеуге, құрдастарына көмектесуге, жұмысты соңына дейін жеткізуге, көмек сұраудан қысылмауға баулиды.
Осы топта балалар тапсырманы орындағанда, барлық қатысушылардың нәтижелерін жалпылауды талап ететін бірлескен еңбек ұйымдастырылуы тиіс. Ортақ әрекетке 3- 6 адамға дейін біріктіріледі. Жұмыстың қорытындысын шығарғанда әр баланың еңбегінің нәтижесіне баға беруді ұмытпау керек.
Ересек топта балалар мен ересектердің бірлескен еңбек әрекеті жиі ұйымдастырылады. Тәрбиешімен бірге балалар ойындарға атрибуттар дайындайды, бөлмені безендіруге, мерекелерге костюмдерді әшекейлеуге қатысады.
6 жастағы балалардың жұмысты орындау сапасына, дербестігіне жоғары талаптар қойылады. Тәрбиеші көбінесе олардың тәжірибесіне, білімдері мен біліктеріне сүйену керек, балаларға шығармашылығын, тапқырлығын, ерік-жігерін көрсетуге мүмкіндік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |