2.Сайыс: "Біз жақсы сөйлейміз!"
Мақсаты: Балаларға Р, Ш, Л, С дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, сурет бойынша сөйлем құрауға дағдыларын шыңдау, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Дамытушылық: балалардың фонетика-фонематикалық қабылдауын, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Тәрбиелік: баланы ұқыптылыққа, жинақылыққа, тапсырманы аяғына дейін орындауға үйрету.
Көрнекілігі: слайд, дидактикалық ойындар бойынша үлестірмелі материалдар, суреттер,
Оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Армысыздар құрметті ұстаздар, балалар!
Негізгі бөлім.
1-Тапсырма. «Кім алғыр»
Мақсаты: балалардың есте сақтауын, ойлау қабілетін дамыту, ауыз қуысының артикуляциясын пысықтау.
Шарты: суретте берілген артикуляциялық жаттығуды атап, орындау шеберлгін көрсету.
Артикуляциялық жаттығулар: бақа, піл, ат шауып келеді, тәтті тосап, кеме, күрке тауық т.б
.
2-Тапсырма. «Кім көп сөз біледі?»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Шарты: Р, Ш, Л дыбыстарына байланысты сөздер айтып, пришепканы бір-біріне қыстыру.
3-Тапсырма. «Сиқырлы саусақ»
Мақсаты: балалардың фонетика-фонематикалық есту қабілетін және логикалық ойлауын дамыту, ептілік пен тез әрекет етуге үйрету.
Шарты: құмға естіген сөзді салады, онда бейнеленген суретті атап, ондағы басқы және соңғы дыбысты атап, соңғы дыбыстан басталатындай етіп сөздерді ретімен орналастырып жұлдызды құртты құру, яғни дөңгелектерді ретімен бір-біріне байлау.
Достарыңызбен бөлісу: |