Логопед сұрақ қою арқылы оқушылар жауап береді.
Жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай жабайы аңдардың өмір сүруі де өзгерістерге ұшырап отырады, кейбір аңдар өздерінің түстерін өзгертеді (қыста- қоян ақ түске енсе, көктемде-сұр, жазғытұрым –қоңыр түске өзгереді екен. Қыста көп ұйықтайтын аң қалай аталады?Аю, көктемде ұйқысынан оянады екен.Тиін-қыс азығы жаңғақтар жинап, ағаштың қуысында өмір сүреді. Ал, енді үй жануарларын айтайықшы (қой, ешкі ,сиыр, жылқы, түйе) Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы не білесіңдер? (қорада тұрады, адамдар оларға жем, су береді). Қыста қандай құстар мекендеп қалатынын білесіңдер ме? (торғай-шыр, шыр етеді, қарға-қарқылдайды, сауысқан-сақылдайды)
Тапсырма: «Құлыншақ құрастыру» (қиылған суреттерден құлыншақты жинау)
Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сіздер шешуін табасыздар
Аппақ, бірақ сүт емес,
Аппақ, бірақ бор емес,
Аспаннан ол түседі,
Даланы ақпен жабады. (қар)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (қырау)
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тістеп алады. (аяз)
Балалар, ал осы сөздерді естігенде біз тоңып кеткендей боламыз, солай емес пе? Ендеше жылыну үшін қимылды жаттығу орындайық.
Тоңса біздің қолымыз,
Қолға киіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт
Шапалақ соғамыз
Тоңса менің аяғым,
Етік киіп аламын.
Топ-топ-топ
Топылдатып билеймін
Балалар үнемі жылы жүру үшін не істейміз? Киінуіміз керек, қандай киімдер киеміз? Малақай, қолғап, шарфик, тон немесе куртка. Ендеше осы аталған киімдерді өз бетімізше түрлі-түсті бояулармен бояп шығайық. (бояп шығу)
Тапсырма: «Жапалақтап қар жауды» үрлеу жаттығуы
Достарыңызбен бөлісу: |