Қорытынды: балалар бүгіні сайысымыз сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?
Осымен біздің «Біз жақсы сөйлейміз» атты сайысымыз аяқталды, рахмет.
3.Ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту: «Қыс келбеті»
Сабақтың тақырыбы: «Қыс келбеті»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілінің көрінісін ауызша айтып, суреттеу әдісі арқылы еркін сөйлеуге үйрету. Табиғат құбылыстарын меңгеруге дағдыландыру. Оқушылардың байқағыштық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, үйрету
Сабақ көрнекілігі: қыс көрінісінің суреттері, мақта, бояу, айна
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Оқушылармен амандасу,
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
б) Психологиялық дайындау.
Ұйымдастыру бөлімі:
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрекке жылу сыйлайық!
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
3. Кіріспе бөлім
Мұғалім сұрақ қою арқылы оқушылар ауызша қыс туралы көргені бойынша мағлұмат беріп өтеді.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
- Қыс айларын атап беріңдер?
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Қазір қыстың қай айы?
Достарыңызбен бөлісу: |