№9 оқу сауаттылығы



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі24,18 Kb.
#122539
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәтіндер №9

Бірінші мәтін бойынша
1. Дауылпаз жасауда пайдаланылатын жабдықтарға сəйкес келетін қатар
A) Бітеу ағаш, иленіп кепкен тері
B) Ойық ағаш, иленген жас тері
C) Бітеу ағаш, жабайы аң терісі
D) Бітеу ағаш, əртүрлі тастар
E) Шағын ағаш, ою-өрнектер

2. Дауылпазды неліктен аңшылық пен құсбегілікке пайдаланған?


A) Жануарларды өзіне қарай жақындату үшін
B) Жануарларды үркітіп шығару үшін
C) Терінің иісін шығарып, алаңдату үшін
D) Бір жерге шоғырландыру үшін
E) Жасырынып келген жыртқыштан қорғану үшін


2-мәтін.
Ителгі Ителгі – саятшылыққа қолданылатын сұңқартектес қыран құс. Мойны ақжағал, қанат-шалғылары денесіне қарағанда ұзындау. Сыртқы түсі сарышұбарлау болып көрінеді.
Қазақ аңыздарында ителгі – «диірмен тасын теуіп сындырыпты» деп дəріптелетін, аты аңызға айналған жыртқыш құс.
Ол өзі қорек ететін құстарға көз ілеспес жылдамдықпен шүйіле келіп, теуіп түсіреді. Тепкісінің қаттылығы соншалықты – тепкен құсының топшысын үзіп жібереді. Ителгі ұшып жүрген маңда ірілі-ұсақты қырандар, тіпті бүркіттің өзі көкке көтеріліп ұшып шықпайды. Бүркітшінің қолындағы бүркіт те түлкіге ұмтылмай қалады.
Қазақстанда ителгінің 5 түрі кездеседі. Олардың реңі таралған аймағына қарай əртүрлі болып келеді. Бəріне ортақ белгі – сырт жоны қоңырқай сұрғылт, бауыры сарғылт теңбілді болады. Дене тұрқы 42-60 сантиметр, қанат құлашы 105-130 сантиметр, салмағы 820-1100 грамм болатын біршама ірі құс. Ұрғашысы еркегінен едəуір үлкен болады.
Ителгі бөтен ұяларда, жарқабақ қуыстарында жұмыртқалай береді. Ағаш басында ұя салуы сирек. Көктем мезгілінің екінші айында ұрғашысы 3-5 жұмыртқа табады. Отыз бес күннен соң балапан шығарады. Балапандары 40-45 күннің ішінде жетіліп, ұша бастайды. Содан кейін бір ай өткенде өз күнін өзі көріп кетеді. Ұсақ аң-құсты ауада да, жер бетінен де еркін аулайды. Қырандардың ішінде баптауға ең көндіккіші осы құс. Арқа құсбегілері ителгіге қоян, үйрек алдырса, Сыр бойының құсбегілері қырғауыл, құр, шіл, кекілік алдыратын болған. Ал араб елінің құсбегілері ителгіні көбінесе жорға дуадаққа салатын көрінеді.
Ителгі бүгінде Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Үстірт қорықтары мен «Алтын-Емел» ұлттық бағында өсіріледі.
XX ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстанда 3 мыңға жуық ителгінің ұялағаны белгілі. Бірақ 90-жылдың басында бұл құсты шетелге сату науқанының кең етек алуына байланысты саны күрт төмендеді. 2001 жылғы мəлімет бойынша, елімізде 100-150 жұп қана ұялаған. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» 1996 жылы енгізілген. (258 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет