9-практикалық жұмыс 1. Scratch (Скретч) бағдарламасының құрылымы. Scratch(оқылуы «скрэтч»)- визуальды объектілібағдарлы программалауортасы.
Scratch – бұл кодты жазу процесін жеңілдететін бағдарламалаудың визуальді тілі. Оны әралуан көңілді және қызықты бағдарламалар жазу үшін қолдануға болады. Scratch – бұл бағдарламалау бастамасының өте жақсы әдісі.
Scratch программалау ортасы
Scrath (Скретч)— бастауыш сынып пен орта буын оқушыларына арналған визуалды нысанды-бағытталған программалау ортасы. Скретч программалау ортасы Лого тілінің және Лего конструкторының жалғасы ретінде жасалған. Скретчте программалар графикалық блоктардан тұрады.
Бұл программалау ортасы шамалы оқи алатын және тышқан құрылғысымен жұмыс істей алатын балаға да қолжетімді.
Программаның негізін құрайтындар – бірнеше топтарға бөлінген бұйрықтар блоктары: қозғалыс, сырт бейнесі, дыбыс, қаламұш, бақылаушы, сенсорлар, операторлар, айнымалылар. «Сурет салушы» (рисовалка) нысаны қажетті нысанды салуға мүмкіндік берсе, бұйрықтар блоктары (оларды тышқанмен ауыстырып отырып қою керек) әрекеттер программасын беруге мүмкіндік береді. Бұл жерде шартты және циклдық операторларды да қолдануға болады.
Скретч бағдарламасын әр түрлі формада: мектептерде, мұражайларда, қосымша білім орталықтарында, үйде пайдалануға болады. Бұл бағдарлама негізінен 8-16 жас аралығындағы оқушыларға арналып жасалған, бірақ одан да ерте жастағы балалар ата-аналарының, аға-әпкелерінің көмегімен Скретч-та жобалар жасай алады.
Скретч бағдарлау ортасында жоба жасау арқылы оқушылар төмендегідей дағдыларды меңгереді:
Осылайша, Scratch бағдарлау ортасын бағдарлама жасау тілінен гөрі шығармашылық жұмыс құралы ретінде пайдалана аламыз және осы бағдарлау ортасының тілінің қарапайымдылығы программалау негізін оңай үйренуге мүмкіндік береді.