9 Практикалық сабақтың тақырыбы: Ұлттық экономика жүйе ретінде Сабақтың мақсаты мен міндеттері



бет3/8
Дата04.01.2022
өлшемі57,2 Kb.
#109616
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-семинар

3.Есептер:

Есеп 1. Экономика келесі көрсеткіштермен сипатталады:

1. Үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары 400 000

2. Таза инвестициялар 30 000

3. Амортизация 50 000

4. Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар 70 000

5. Экспорт 35 000

6. Импорт 25 000

7. Бизнеске жанама салықтар 9000

Барлық мүмкін болатын макроэкономикалық көрсеткіштерді анықтаңдар.

Есеп 2. Жабық экономика келесі мәліметтермен сипатталады:

1. ЖҰӨ 5000

2. Жалпы инвестиция 600

3. Таза инвестиция 90

4. Тауарлар мен қызметтерге мемлекеттік шығындар 900

5. Бизнеске жанама салықтар 150

ТҰӨ, ҰТ және тұтыну шығындарын есептеңдер.
Есеп 3. ЖІӨ 244000 және өткен жылдан 22000 ұлғайды. ЖІӨ-нің өсу қарқынын есептеңдер.

Есеп 4. Ағымдағы жылы ЖІӨ 60 млрд. теңге, тұтыну шығындары – 20 млрд. тенге, мемлекеттік шығындар – 2 млрд. тенге, таза экспорт – 1 млрд. тенгені құрайды.

1.Инвестиция көлемі қандай, егер амортизация 1,9млрд. тенгеге тең болса?

2.ТІӨ неге тең, егер жанама салықтар 1,2 млрд. тенгені құраса.?

3.ІТ неге тең.?



Есеп 5. Кесте мәліметтері бойынша анықтаңдар:

а) табыс бойынша ЖҰӨ;

б) шығын бойынша ЖҰӨ;

в) ЖІӨ;


г) ТҰӨ;

д) ұлттық табыс (ҰТ).



Көрсеткіштер

млн. долл.

Тұтынылған капитал көлемі

2020

Жеке тұтыну шығындары

12904

Бизнеске жанама салықтар

1572

Жалдамалы жұмысшылардың жалақысы

11620

Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

3856

Дивидендтер

302

Пайыздар

1568

Таза экспорт

– 372

Жеке салымдардан түсетін табыстар

1300

Корпорацияның бөлінбеген пайдасы

316

Жалпы жеке ішкі инвестиция

3060

Корпорацияның пайдасына салықтар

580

Аренда төлемі

80


Есеп 6. ЖІӨ, ЖҰӨ-ге анықтама беріңдер.

1927 жылы Қазақстанның ЖІӨ 26,5 трлн сомды құрады. Қазақстандықтар шетелде олардың жекеменшігінде тұрған өндіріс факторларынан кірістер ретінде 6,5 трлн теңге мөлшерінде ақша алады деп ұйғарайық. Қазақстандағы кәсіпорындарды иеленуші шетелдіктер Қазақстаннан 5 трл теңге мөлшерінде ақша төлемдерін алады. Бұл жағдайда ЖҰӨ мөлшері қандай болады?



4.Топтық жұмыс

1-нұсқа


1.Төмендегі терминдердің анықтамасын беріңіз:

Макроэкономика. ЖҰӨ. Ұлттық табыс. Жиынтық сұраныс. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық моделі. Номиналды ЖҰӨ.

2.Экономикалық ойлау қабілетін дамыту үшін сұрақ:

Төменде аталғандардың біреуі мемлекетік сатып алымдарға кіре алмайды:

А) жаңа әскери ұшақты сатып алу

Б) зейнетақы қорынан зейнетақы төлеу

В) жаңа салық полигонының құрылысы

Г) жаңа полиция қызметкерін жалдау.

3.Логикалық схеманы толтырыңыз:

Табыстар мен шығындар айналымының макроэкономикалық моделінің байланысын түсіндіріңіз:




Өндіріс факторлары


мемлекет

Үй шаруашылығы

фирмалар


Тауарлар мен қызметтер

2-нұсқа

1.Төмендегі терминдердің анықтамасын беріңіз:

Ұлттық байлық. ЖІӨ. Нақты ЖҰӨ. Жеке табыс. Жиынтық ұсыныс. ЖҰӨ дефляторы.

2.Экономикалық ойлау қабілетін дамыту үшін сұрақ:

ЖҰӨ-ді есептегенде төмендегілердің қайсысы есепке алынады?

А) трансферттік төлемдер

Б) бағалы қағаздарды сатып алу

В) фирма қызметкерінің еңбекақысы

3.Логикалық схеманы толтырыңыз:


Макроэкономикалық мақсаттар



3-нұсқа


1.Төмендегі терминдердің анықтамасын беріңіз:

ТҰӨ. Қолда қалатын табыс. Жиынтық ұсыныстың классикалық моделі. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Тұтыну бағаларының индексі.

2.Экономикалық ойлау қабілетін дамыту үшін сұрақ:

Төмендегілердің қайсысы микроэкономика, қайсысы макроэкономиканың зерттеу нысаны екендігін көрсетіңіз:



  • Экономикалық саясат

  • Монополистік бәсеке теориясы

  • Әлемдік экономика теориясы

  • Еңбекке сұраныс пен ұсыынс теориясы

3.Логикалық схеманы толтырыңыз:

ЖҰӨ дефляторы =_______________________ * 100%





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет