9-сынып. Қазақ тілі. ІІ тоқсан. «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан».«Экспо-2017» және



бет1/3
Дата22.11.2023
өлшемі21,99 Kb.
#192878
  1   2   3
Байланысты:
9кл бжб2,2-тоқсан қаз т


9-сынып. Қазақ тілі. ІІ тоқсан.
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан».«ЭКСПО-2017» және
«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқу мақсаты: 9.2.3.1 мақала, тезистердің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
9.3.6.1 жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау.
9.4.4.1 құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу.
Бағалау критерийі: Білім алушы

  • мақаланың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшелігін ажыратады;

  • мәтінге түзетулер енгізіп, редакциялай алады;

  • құрмалас сөйлемнің жасалу жолын, түрлерін ажырата біледі.

Ойлау дағдысының деңгейі: қолдану.
Орындау уақыты: 20 минут
1-тапсырма. «ЭКСПО-2017» көрмесі және Қазақстан
Біздің планетамыз және ондағы адамзат өмірі үнемі өзгеріп отырады. Әр дәуірдің өз қиындықтары, әр ғасырдың өз құндылықтары және әр қоғамның өзіне тән өзекті мәселелері бар. ХХІ ғасырда табиғат ресурстарының кең көлемде игерілуі және адамдардың мұқтажына жұмсалуы, сондай-ақ отын - энергетика саласындағы антропогендік әрекеттер бұрын-соңды болмаған экологиялық мәселелер мен табиғат апаттарын туғызуда. Дүниежүзілік жиында шикізатты қарқынды өндірудің, өңдеудің нәтижесінде отын қорының азайып бара жатқаны туралы айтып, баламалы қуат көздерін тұтыну үрдісіне өту жайлы бірегей идея мен тың ой салған бірден-бір мем лекет – біздің еліміз, яғни Қазақстан. «Жасыл планетаны» құру мақсатында «ЭКСПО-2017: бола- шақтың қуаты» деген жаңа жобаны ұсынды.
Ғасырға жуық тарихы бар ауқымды көрме Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашады?
Әлемдік маңызы бар іс-шараға дайындық барысында ұйымдастырушы мемлекеттің алдында үлкен мақсат, жауапкершілік және міндеттер тұрады. Көрменің ойдағыдай өтуі үшін елімізде барлық жағдай жасалды. Оған дәлел ретінде қалалардың инфра құрылымының жақсарып, әлеуметтік қызмет көрсету саласының жетілгенін келтіруге болады. Жалпы, тарихи сараптамаға сенсек, ЭКСПО көрмесі дүниежүзіндегі туристік тартылымы
жоғары іс-шаралардың біріне кіреді екен. Туристердің көңілінен шығу үшін астанамызда бірнеше жыл ішінде модерн стиліндегі ғимараттар мен павильондар бой түзеді.
Индустриализацияның негізгі символы болып табылатын халықаралық көрменің елімізге берері зор. Табиғи кеніштердің сарқылып, экологияның ластануы дабыл қағатын деңгейге жеткен сәтте тек адамдар ғана бұл процесті тоқтата алады. Мұндай ғаламат бастамалар келешекте табиғатқа зиян келтірмейтін қуат көздерін тұты- нуға жол ашады және экологиялық мәселелердің шешімін тауып, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету- дің бастамасы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет